Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Келін бөлек шыққысы келді»: Ақбота Керімбекова ұлының не себепті ажырасқанын айтты
Шоу бизнес

«Келін бөлек шыққысы келді»: Ақбота Керімбекова ұлының не себепті ажырасқанын айтты

НұрланНұрлан19.11.20266
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Ақбота Керімбекова үлкен ұлының отбасылық өміріне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі ұлының ажырасып кеткенін, ал бұрынғы келінімен қазір араласпайтынын айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Сондай-ақ ол ажырасқаннан кейін балаларын әкесінің туыстарына көрсетпейтін ата-аналарға қатысты ойын жеткізді. Бұл туралы әнші Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты.

“Үлкен ұлым ажырасып кетті. Қазір келініммен араласпаймын, араласқысы келмейді. Неге қазіргі жастар ажырасса баланы алып қашады? Ата-енесіне, әкесіне берсін, олар да көмектессін. Сол әулеттен туды, солардың ұрпағы. Баланы алып қашып, әкесіне, ата-апаларына көрсетпейтін қыздарды түсінбеймін. Түсінетін шығар, ренжімеймін, жас қой әлі. Мүмкін, өкпе-назы бар шығар. Уақыттың еншісіне қойдым. Ол бала ешқайда кетпейді. Мен де әкем ажырасқанмен кетіп қалған жоқпын. Туысқандарыммен араласамын, оларды сағынамын. Бала тұрғанда бәрібір ол әулеттен кете алмайды. Қыздарға немерем деп қуанған ата-әжелердің жүрегін ауыртпаңдаршы дегім келеді”, — дейді ол.

Сонымен қатар әнші үлкен ұлы мен келінінің ажырасуына не себеп болғанын түсіндірді. Оның айтуынша, келіні бөлек тұруды қалағанымен, баланың әжесінің қолында өскендіктен, басқа жаққа баруға келіспеген. Осы жағдай отбасындағы түсініспеушілікке себеп болған.

“Үлкен ұлымның ажырасуының себебі — келін бөлек шыққысы келді. Ал бала апасының бауырына басқан баласы. Мен жалғыз қыз болғаннан кейін анам үлкен ұлымды бауырына басқан. Келін бөлек тұрғысы келді, бала бармаймын деді. Бәрі содан басталды. Ұлымдікі де дұрыс па деп ойлаймын. Бөлек шықсаңдар шығыңдар, ажыраспаңдар деп те айттық. Өзіңнің өміріңдегі қателіктерді балаларың жасамаса екен деп тілейсің. Оны ұғынатын, ұғынбайтын бала бар. Өздерінің таңдауы солай болды. Біз біраз тырыстық. Екі жаққа кетті, өз өмірлерін сүріп жатыр. Ал екінші балам, өз бала-шағасын өзі қамтамасыз етіп отыр. Үшінші ұлым кішкентай, енді жетіліп келе жатыр”, — дейді Ақбота Керімбекова.

әнші ене келін
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШэньчжэнь қаласында Ресей, Қытай және АҚШ басшыларының үшжақты келіссөздері басталды

Оқи отырыңыз...

Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі заңды күшіне енді

19.11.202642

«Жатыры құтырған қатыннан Абайлар туылмайды»: актердің әйелі Қабатовтың тоқалына жауап берді

19.11.2026411

«Дариғаның балалы болуға мүмкіндігі бар»: Репродуктолог мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

19.11.202657
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Келін бөлек шыққысы келді»: Ақбота Керімбекова ұлының не себепті ажырасқанын айтты

19.11.20266

Шэньчжэнь қаласында Ресей, Қытай және АҚШ басшыларының үшжақты келіссөздері басталды

19.11.20260

«Самұрық-Қазына» қорының тағы бір топ-менеджері тергеуге ілікті

19.11.202613

Қазақстан университеттерінің дипломдары Батыс және Шығыс елдерінде мойындалатын болды

19.11.20261

Мемлекет басшысы: «7 миллионнан астам баланың есепшотына 2,5 млрд доллар аударылды»

19.11.20261

Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі заңды күшіне енді

19.11.202642

«Жатыры құтырған қатыннан Абайлар туылмайды»: актердің әйелі Қабатовтың тоқалына жауап берді

19.11.2026411

Қаралы хабар: Қазақстан футболының ардагері әрі төреші 81 жасында өмірден өтті

19.11.20260

Шымкентте бензовоз аударылып, өртеніп кетті: жүргізушісі қаза тапты

19.11.20261

Ақмола облысында үш көлік апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты

19.11.20262

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.