Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Круиз лайнерінде 148 адам белгісіз дертке шалдықты
Жаңалықтар

Круиз лайнерінде 148 адам белгісіз дертке шалдықты

НұрланНұрлан20.11.202613
Фото: Shutterstock

Кариб теңізінде жүзіп жүрген Caribbean Princess круиз лайнерінде 148 адамнан асқазан-ішек инфекциясының белгілері анықталды. Бұл туралы АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәліметіне сүйенген The New York Post басылымы хабарлады. Жаппай сырқаттанудың нақты себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

17 қарашадағы мәлімет бойынша, лайнердегі 2936 жолаушының 134-і және 1132 экипаж мүшесінің 14-і ауырып қалған. Олардың барлығында құсу мен іш өту белгілері байқалған.

Круиз кемесі 11 қарашада АҚШ-тың Флорида штатындағы Форт-Лодердейл портынан 12 күндік сапарға шыққан. Бағыт бойынша кеме Колумбия жағалауы мен Панама каналы арқылы өтуі тиіс. Саяхат басталғаннан кейін төрт күн өткенде Princess Cruises компаниясы кемедегі инфекцияның таралуы туралы санитарлық қызметке хабарлаған.

Қазіргі уақытта сырқаттанған жолаушылар мен экипаж мүшелері оқшауланған. Кемеде дезинфекциялау жұмыстары күшейтіліп, зертханалық зерттеу жүргізу үшін сынамалар алынған. Алайда сараптама нәтижелері әзірге жарияланған жоқ.

Princess Cruises компаниясының мәлімдеуінше, науқастардың жағдайы ауыр емес, ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Круиз лайнері белгіленген кесте бойынша сапарын жалғастырып, 23 қарашада Флоридаға оралуы керек.

Айта кетейік, бұл – 2026 жылы Princess Cruises компаниясының кемелерінде тіркелген төртінші жаппай асқазан-ішек инфекциясы.

ауру жұқты
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Әкемнен сұхбат алуға келіп, үйге қонып қалатын»: Досхан Жолжақсыновтың әйелі атақты сыншы Әлия Бөпежанованы кінәлады (ВИДЕО)
Next Article «Күн райы күрт бұзылады»: Еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Оқи отырыңыз...

«Ел қамбасы астыққа толды»: Тоқаев биылғы егін науқанына баға берді

20.11.20260

«Өлсе құрт—құмырысқаға жем»: желі белсендісі еркектердің бұтына таласатын әйелдерді сынға алды

20.11.20262

Әлеуметтік желідегі фотосуреттері үшін 23 жастағы қызды інісі өлтірді

20.11.20263
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ел қамбасы астыққа толды»: Тоқаев биылғы егін науқанына баға берді

20.11.20260

«Өлсе құрт—құмырысқаға жем»: желі белсендісі еркектердің бұтына таласатын әйелдерді сынға алды

20.11.20262

Әлеуметтік желідегі фотосуреттері үшін 23 жастағы қызды інісі өлтірді

20.11.20263

Үш жыл қорлаған: келініне күн көрсетпеген ене бес жылға сотталды

20.11.202612

«Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды

20.11.20262

5 есеге өсірген: Азия ойындарының чемпиондары енді 50 мың доллардан алады

20.11.20260

Астанада азық-түлік бағасын заңсыз өсіргендер жазаланады

20.11.20260

«Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен түскен фотосын жариялады (ФОТО)

20.11.202676

Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып кетті

20.11.20262

Ұлылардың ұлағатты өмірі: ғалым Қаныш Сәтбаев ақшаны қалайша «күректеп» тапқан?

20.11.202638

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.