Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Әкемнен сұхбат алуға келіп, үйге қонып қалатын»: Досхан Жолжақсыновтың әйелі атақты сыншы Әлия Бөпежанованы кінәлады (ВИДЕО)
Шоу бизнес

«Әкемнен сұхбат алуға келіп, үйге қонып қалатын»: Досхан Жолжақсыновтың әйелі атақты сыншы Әлия Бөпежанованы кінәлады (ВИДЕО)

НұрланНұрлан20.11.20261 112
Фото: видеодан скриншот

Әнші Қарагөз Сүлейменова жазушы Асқар Сүлейменовтің екінші жұбайы ретінде танылған әдебиеттанушы, жазушы Әлия Бөпежанова туралы алғаш рет ашық пікір білдірді. Ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында әкесінің Әлия Бөпежановамен қарым-қатынасы қалай өрбігенін айтып, олардың заңды некеге тұруына қатысты мән-жайды баяндады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Қарагөз Сүлейменованың айтуынша, Әлия Бөпежанова өзін жазушының зайыбы деп атағанымен, әкесі онымен бірден отбасын құрмаған. Әншінің сөзінше, әдебиеттанушы Асқар Сүлейменовке шәкірт ретінде келіп жүрген. Кейін олардың арасында ортақ бала дүниеге келген.

«Ол екінші рет шаңырақ көтерді деп айта алмаймын. Әлия Бөпежанова “жазушының зайыбымын, әйелімін” дейді. Бірақ, ақиқаты олай емес. Иә, арада қыз бар. Бірақ, ол кісі әкемді құлай сүйді, жақсы көрді. Ол кісі әкеме шәкірт сияқты еді, келетін, кететін. Кейде үйге қонып қалатын, неге екенін білмеймін. Бәлкім әкем шығарып салсын дейтін шығар, бірақ әкем шығарып салмайтын. Кейіннен мынадай жағдай болды, көтеріп қалды», – деді ол.

Әншінің әңгімелеуінше, Әлия Бөпежанованың жүкті екені белгілі болғаннан кейін де отбасында бірқатар жағдай орын алған. Қарагөздің айтуынша, әкесі баласы дүниеге келген соң перзентханаға бармаған. Кейін қызға тегін беру үшін ғана заңды некеге тұрған.

«Айтотым оған барып “ішіңде түйін бар екен, олай болса үйге жүр” деді. Ол кісі “жоқ, ондай нәрсе жоқ” деді. Бұл бірінші алдағаны болды. Екіқабат екені белгілі болды, туды. Он күн ауруханада жатты, әкем барған жоқ. Ол кезде олар заңды некеде болмады, әкемде ондай болған жоқ. “Тегіңізді бересіз бе” деді, “берем” деді. Үш айға дейін бала метриканы алған жоқ. Ана кісі қоймағаннан кейін, балаға тегін беру үшін ғана заңды некеге тұрды», – деп еске алды Қарагөз Сүлейменова.

Сонымен қатар әнші әкесі өмірден өткеннен кейін оның шығармашылық мұрасын жинақтап, кітап етіп шығаруға атсалысқан Әлия Бөпежановаға алғысын білдірді. Дегенмен әкесінің қолжазбалары мен жеке қағаздарын кейін қайтарып ала алмағанына әлі де ренжулі екенін жасырмады.

Қарагөздің сөзінше, әкесі қайтыс болғаннан кейін оның қағаздары өзіне берілген. Алайда Әлия Бөпежанова оларды реттеп, кітап етіп шығару үшін сұрап алған. Әнші бұл еңбегі үшін ризашылығын білдіргенімен, кейін құжаттарды түгелдей қайтаруды өтінген.

«Әкем қайтыс болғаннан кейін 2-3 айдан кейін бүкіл әкемнің қағаздарын Айтоты “сенде болсын” деп маған берді. Әлия апай хабарласып “қағаздарды маған берші, мен соны реттейін” деп сұрады. Артымда жаман ой жоқ. Эфирде айту керек, ол кісіге ризамыз. Әкемнің қағаздарын реттеп, кітап қылып шығарғаны үшін. Әрине барлық жерде “құрастырған Әлия Бөпежанова” деп тұрады. Әрине ол кісі баспалармен сөйлесті. Өйткені, өмір бойы кітап төңірегінде жүрген адам, оған ризашылығымыз шексіз. Ол кісіге тағы да үлкен рақметім мен алғысымды білдіремін», – деді әнші.

Алайда Қарагөз Сүлейменованың айтуынша, қолжазбаларды қайтару туралы өтініші орындалмаған. Оның сөзінше, әкесінің бастапқы құжаттарының басым бөлігі өзіне қайтпаған.

«Бірақ, кейін бір күні “әкемнің қағаздарын маған қайтарып беріңізші” деп сұрадым. 100%-дың бәлкім 10%-ы қалған шығар, оның үстінде ксерокстан өткен дүниелер. Сонда бұл менің ешқандай жаман ойламағаным ғой. Маған ол қағаздар қайтқан жоқ, күні бүгінге дейін ол кісіге осы үшін наразымын. Ол менің әкемнің қағазы, оны сізге берген жоқ. Менің қолымнан алған дүниені маған неге қайтарып бермейсіз? Себебі, ол сізге керек болып тұр. Жазушының зайыбы болып сіз көрсетуіңіз керек. Бірақ адами тұрғыда бұл дұрыс емес», – деп түйіндеді Қарагөз Сүлейменова.

әнші сүлейменова сыншы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Неке куәлігі бір жапырақ қағаз»: Коуч Құралай ханым Қабатовтың тоқалымен тіресті
Next Article Круиз лайнерінде 148 адам белгісіз дертке шалдықты

Оқи отырыңыз...

«Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен түскен фотосын жариялады (ФОТО)

20.11.202670

«Әлі жалдамалы пәтерде тұрамыз»: Аймира Аман Олжас Абайдың балаларына үй әпермегенін айтты (ВИДЕО)

20.11.2026177

«Неке куәлігі бір жапырақ қағаз»: Коуч Құралай ханым Қабатовтың тоқалымен тіресті

20.11.202649
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Үш жыл қорлаған: келініне күн көрсетпеген ене бес жылға сотталды

20.11.202611

«Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды

20.11.20262

5 есеге өсірген: Азия ойындарының чемпиондары енді 50 мың доллардан алады

20.11.20260

Астанада азық-түлік бағасын заңсыз өсіргендер жазаланады

20.11.20260

«Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен түскен фотосын жариялады (ФОТО)

20.11.202670

Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып кетті

20.11.20262

Ұлылардың ұлағатты өмірі: ғалым Қаныш Сәтбаев ақшаны қалайша «күректеп» тапқан?

20.11.202634

Әдебиет және театр сыншысы Әлия Бөпежанова туралы бір үздік сыр

20.11.2026232

ІІМ комитетінің бұрынғы басшысы жыныстық зорлық жасады деген айыппен сотталды

20.11.202610

Дональд Трамп Қазақстанға келуге ниетті – АҚШ елшісі

20.11.20264

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.