Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Неке куәлігі бір жапырақ қағаз»: Коуч Құралай ханым Қабатовтың тоқалымен тіресті
Шоу бизнес

«Неке куәлігі бір жапырақ қағаз»: Коуч Құралай ханым Қабатовтың тоқалымен тіресті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы20.11.202649

Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал психолог, коуч Құралай ханым жайдарманшы Тұрсынбек Қабатовтың тоқалының «бір жапырақ қағаз» деп, неке куәлігі туралы астарлап айтқан ойына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. «Неке куәлігі жай ғана бір жапырақ қағаз ба?

Біреудің төсегін өсек қылғың-ақ келмейді, бірақ ол өсек өсіп келе жатқан жеткіншектің ой-өрісіне, сосын өміріне әсер ететінін ойласақ, осы жолғы өсектен өтіп кеткім келмеді.

Бала кезде «үй жинап қой» десе, ойынға айналып, мама жұмыстан кеп қалғанда бер жағын сыпырып, қалғанын паластың астына ысқыртап, қоқыстарға «қоныс той» жасаушы едік қой… Өзімізді сендіргім келетін: үй жиналды, киім бүктелді, ыдыс жуылды, мен қандай пысықпын деп. Ондайда «Тазалықты сүйемін» деген жанайқай Алла алдында таза екеніңнің дәлелі емес. Ал адамдардың жадында «роман өртеп, атың шыққан адам болып қала бересің».

Адамның өз өмірі туралы шындық пен қиялды араластырып, болмаған оқиғаларды болғандай етіп, қайта-қайта әңгімелеуге бейімділігін психологияда «псевдология фантастика» деп атайды. Қарапайым тілмен айтқанда, адам өзінің шынайы өмірінен гөрі, өзі ойлап тапқан өмірбаянын қызығырақ көріп, соны өзгелерге шындық ретінде ұсынады.

Жұлдыздардың «жұлдыз жұбайлары» осылай өткен өмірлерін жылтыр қылып көрсеткісі кеп, жырлап отыруы — енді біреудің ғана шаруасы емес, енді бәріміздің шаруамыз. «Бір жапырақ қағазды» қағаз көрмей, ерсі қылыққа ілесіп, сол жолдағылармен тіресіп, сосын өмір бойы күресіп жүру — норма екен ғой» деген ой бүршік атып үлгерген шығар, кей санада.

Және бұл «былық пен қылықтың» насихаты мен «тоқал болудың плюстары» деген жасырын уағыз тоқтайтын емес. Енді ел ұмытты ма дегенде, назарды өзіне қайта бұруда. Өзіңіз ойлай беріңіз, осы уақыт ішінде талай бойжеткеннің «ұят болады» деген әрекеттен қанша рет аттап үлгергенін…

Солға қарай бұрылу, бұрынғымен қырылу мен ұятсыздыққа ұрылу орын алып, бетің күліп тұрса да, ішің күрең тартып, жұртқа адал болып көріну үшін, мың әріп жазып, жаның шүберекке тығылғанша, «ақырын жүріп, анық басшы сіңілім», — деп жазды ол.

Көпшілік оның бұл пікіріне қолдау көрсетіп, түрлі пікірлерін жаудырып жатыр.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Төрден орын бердім»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбектің тоқалының мәлімдемесінен кейін үн қатты
Next Article «Әкемнен сұхбат алуға келіп, үйге қонып қалатын»: Досхан Жолжақсыновтың әйелі атақты сыншы Әлия Бөпежанованы кінәлады (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

«Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен түскен фотосын жариялады (ФОТО)

20.11.202670

«Әлі жалдамалы пәтерде тұрамыз»: Аймира Аман Олжас Абайдың балаларына үй әпермегенін айтты (ВИДЕО)

20.11.2026177

«Әкемнен сұхбат алуға келіп, үйге қонып қалатын»: Досхан Жолжақсыновтың әйелі атақты сыншы Әлия Бөпежанованы кінәлады (ВИДЕО)

20.11.20261 115
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Үш жыл қорлаған: келініне күн көрсетпеген ене бес жылға сотталды

20.11.202611

«Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды

20.11.20262

5 есеге өсірген: Азия ойындарының чемпиондары енді 50 мың доллардан алады

20.11.20260

Астанада азық-түлік бағасын заңсыз өсіргендер жазаланады

20.11.20260

«Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен түскен фотосын жариялады (ФОТО)

20.11.202670

Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып кетті

20.11.20262

Ұлылардың ұлағатты өмірі: ғалым Қаныш Сәтбаев ақшаны қалайша «күректеп» тапқан?

20.11.202634

Әдебиет және театр сыншысы Әлия Бөпежанова туралы бір үздік сыр

20.11.2026232

ІІМ комитетінің бұрынғы басшысы жыныстық зорлық жасады деген айыппен сотталды

20.11.202610

Дональд Трамп Қазақстанға келуге ниетті – АҚШ елшісі

20.11.20264

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.