Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»ІІМ комитетінің бұрынғы басшысы жыныстық зорлық жасады деген айыппен сотталды
Жаңалықтар

ІІМ комитетінің бұрынғы басшысы жыныстық зорлық жасады деген айыппен сотталды

НұрланНұрлан20.11.202610
Фото: facebook.com/daniyar.meirkhan

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің бұрынғы төрағасы Данияр Мейірхан жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу дерегі бойынша кінәлі деп танылды. Сот оған 6,4 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. Қылмыстық іс жабық режимде қаралған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Сот қандай үкім шығарды?

19 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Данияр Мейірханға қатысты үкім жариялады.

«Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 123-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 500 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу жазасына кесілді. Іс жабық режимде қаралды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – деп хабарлады Астана соты Ulysmedia.kz редакциясына.

Аталған бап бойынша айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқиға қалай басталды?

Данияр Мейірханға қатысты дау 2026 жылдың сәуірінде әлеуметтік желілерде оның қарамағындағы қызметкерлердің шағымдары туралы ақпарат тарағаннан кейін өрбіді.

Жарияланым авторлары бұрынғы комитет басшысын қызметкер әйелге қысым көрсетіп, лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деп айыптаған. Сондай-ақ 20 бағынышты қызметкердің ұжымдық шағым түсіргені туралы ақпарат тарады.

Сол кезде Ішкі істер министрлігі арыз-шағымдардың түскенін растады. Тексеру кезеңінде Данияр Мейірхан қызметінен уақытша шеттетілді.

Кейін Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов сталкинг дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істің тоқтатылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол жеке айыптау тәртібімен қаралатын материалдардың сотта жатқанын нақтылаған болатын.

Айта кетейік, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

басшысы ІІМ сотталды
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleДональд Трамп Қазақстанға келуге ниетті – АҚШ елшісі
Next Article Әдебиет және театр сыншысы Әлия Бөпежанова туралы бір үздік сыр

Оқи отырыңыз...

Астанада азық-түлік бағасын заңсыз өсіргендер жазаланады

20.11.20260

Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып кетті

20.11.20262

Дональд Трамп Қазақстанға келуге ниетті – АҚШ елшісі

20.11.20264
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Үш жыл қорлаған: келініне күн көрсетпеген ене бес жылға сотталды

20.11.202610

«Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды

20.11.20261

5 есеге өсірген: Азия ойындарының чемпиондары енді 50 мың доллардан алады

20.11.20260

Астанада азық-түлік бағасын заңсыз өсіргендер жазаланады

20.11.20260

«Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен түскен фотосын жариялады (ФОТО)

20.11.202668

Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып кетті

20.11.20262

Ұлылардың ұлағатты өмірі: ғалым Қаныш Сәтбаев ақшаны қалайша «күректеп» тапқан?

20.11.202633

Әдебиет және театр сыншысы Әлия Бөпежанова туралы бір үздік сыр

20.11.2026226

ІІМ комитетінің бұрынғы басшысы жыныстық зорлық жасады деген айыппен сотталды

20.11.202610

Дональд Трамп Қазақстанға келуге ниетті – АҚШ елшісі

20.11.20264

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.