Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Күн райы күрт бұзылады»: Еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Жаңалықтар

«Күн райы күрт бұзылады»: Еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

НұрланНұрлан20.11.20268
Фото: Zakon.kz.

Қазақстанның 17 облысында 2026 жылдың 20 қарашасында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 17-22 м/с құрайды.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі. Атырауда да 20 қарашада кей уақыттарда тұман болатыны болжанады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Қостанайда да 20 қарашада тұман болатыны болжанады.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 20 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні — 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда 20 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертеңгі екпіні — 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, тұман түседі деп күтіледі. Жезқазғанда да 20 қарашада түнде және таңертең аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, тұман түседі деп күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда 20 қарашада оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, кей уақыттардағы екпіні — 15-20 м/с.

Түнде Қарағанды облысының батысында, шығысында, солтүстігінде аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Қарағандыда 20 қарашада түнде аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.

Астанада 20 қарашада түнде аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. Кей уақыттарда тұман болатыны болжанады.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Шымкентте 20 қарашада түнде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оралда да 20 қарашада түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Петропавлда 20 қарашада түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, ал облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Өскеменде де 20 қарашада түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 20 қарашада кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.

Павлодар облысының батысында, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Павлодарда да 20 қарашада тұман болатыны болжанады.

Алматы Астана
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКруиз лайнерінде 148 адам белгісіз дертке шалдықты
Next Article Астанада Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті

Оқи отырыңыз...

Тоқаев: «Агроөнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі екі есе ұлғайып, 7 миллиард долларға жуықтады»

20.11.20260

«Ел қамбасы астыққа толды»: Тоқаев биылғы егін науқанына баға берді

20.11.20261

«Өлсе құрт—құмырсқаға жем»: желі белсендісі еркектердің бұтына таласатын әйелдерді сынға алды

20.11.20267
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: «Агроөнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі екі есе ұлғайып, 7 миллиард долларға жуықтады»

20.11.20260

Мексикада Димашқа Дүниежүзілік бокс кеңесінің құрмет белбеуі берілді

20.11.20260

«Ел қамбасы астыққа толды»: Тоқаев биылғы егін науқанына баға берді

20.11.20261

«Өлсе құрт—құмырсқаға жем»: желі белсендісі еркектердің бұтына таласатын әйелдерді сынға алды

20.11.20267

Әлеуметтік желідегі фотосуреттері үшін 23 жастағы қызды інісі өлтірді

20.11.20266

Үш жыл қорлаған: келініне күн көрсетпеген ене бес жылға сотталды

20.11.202617

«Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды

20.11.20262

5 есеге өсірген: Азия ойындарының чемпиондары енді 50 мың доллардан алады

20.11.20260

Астанада азық-түлік бағасын заңсыз өсіргендер жазаланады

20.11.20261

«Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен түскен фотосын жариялады (ФОТО)

20.11.202678

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.