Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Тұлғалар»Ұлылардың ұлағатты өмірі: ғалым Қаныш Сәтбаев ақшаны қалайша «күректеп» тапқан?
Тұлғалар

Ұлылардың ұлағатты өмірі: ғалым Қаныш Сәтбаев ақшаны қалайша «күректеп» тапқан?

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы20.11.202634

«Шіркін, ақша,
Жолда жатса,
Бұрмас па едің мойныңды!
Төніп барып,
Уыстап салып
Толтырмас па ең қойныңды!
Жүрек ойнап, лүпілдеп,
Жетсең үйге бүлкілдеп!» — деп келетін Қасым Аманжоловтың «Ақша» атты өлеңін көзі қарақты көпшілік біледі.

Әсілі, ақшаны жақсы көрмейтін, пұлды-ауқатты болғысы келмейтін жан болмайды. Байлық та сімірген сайын ішкен адамның аңқасын кептіре түсетін тұзды су секілді бір сиқырлы дүние-ау, шамасы…
Әйтседе, осы фәнидің сынағындай болған қайран ақшаны өз ырқына бағындыра алған сирек жандар да арамызда болыпты. Пайғамбар-әулиелерді былай қойғанда, ұлттық ғылымның іргетасын қалаған кешегі Қаныш Сәтбаев та сондай сиректің бірі болғанын оның көмекшісі әрі серігі Бөпежан Аяпбергенов былайша есіне алыпты:

«Ағайдың табысы мынадай көздерден құралған: Президенттік қызметі үшін 20 мың рубль, Геология институтының директорлығы үшін 6 мың рубль, КСРО мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестеріне депутаттығы үшін де белгіленген ақша бар, КСРО ҒА мен Қазақ КСР ҒА-на академиктігі үшін де, КСРО ҒА-Президиумының мүшелігі үшін де… және жазба еңбектері үшін ұсынылатын қаламақы. Институт директорлығы үшін кесілген еңбекақысынан бас тартқан. Соның есебінен 3-4 адамды институтқа штаттан тыс қызметке алады. Ал Мәскеуден тиесілі ақшаларын өзі барғанда алып тұрады да, мұқтаждарын айтып келгендерді құр қол жібермейді.

Ал Алматыға көлемді көмек сұрап келгендер болса, мені шақырып: «Мына ақсақалға пәленбай мың сом керек болып тұр екен. Менің келесі айлығым есебінен берші», — деп өзі қолхат жаза бастайды.
Бірде мені шақырып алды. Алдында бір ел ақсақалы отыр екен.

– Мына кісі 15 мың сомға мұқтаж екен, менің есебімнен өтеші, — деп қолхат берді.
Тағыда бірде мынадай оқиғаның орын алғаны бар. Шығыс Қазақстанның бір орысынан хат келеді. Оқыдым, «Өткен жылы бір геологиялық партия біздің төңірегімізде зерттеу жұмыстарын жүргізген еді. Соның бір адамы келіп, қиындыққа ұшырап тұрғандарын және Сіздің атыңызды атап, менен 20 мың сом алып кеткен еді, «Алматыға барысымен жіберемін» деп. Сол ақша әлі күнге дейін менің мойнымда. Сіздің атыңызды атап келгеннен кейін ұстата берген едім. Сол қарызды қайтаруға көмектессеңіз екен», – деп жазыпты. – Осыған менің келесі айымның ақшасын жіберіңізші, – деп қолхат ұсынады.

– Қаныш аға-ау, – деймін мен, – ол ақшаны кімнің алғанын табу оңай ғой. Былтыр Шығыс Қазақстан облысына барлау жұмыстарын жүргізген партиялар тізімі менде.
– Түу, Бөке, соған уақытты ысырап қылып… Уақытың болса, еңбек етіп ақша табуға болады. Ал ақшаға уақыт сатып алуға болмайды ғой, – деген ағай қолхатын қолыма ұстатып жіберді. – Енді менің уақытымды алмаңыз.

Ал басқа жақтан келген ақша болса, оларын сейфіне салып қояды. Қаржыға аса қысылып жүретіндердің өзіне келіп қалулары мүмкін ғой. Мысалы, Нұрмұхаммедов Нағымбек деген суретші болды. Ленинград бейнелеу академиясында оқып жүргенінде барып-келу сапарлары үнемі ағайдың қалтасынан. Уақытында шауып келеді де, алып жүре береді.

Бір күні Қаныш ағайдан:
– Осыныңыз не? – деп сұрадым.
– Бөке, Сіз қызықсыз, — дейді ағай. – қыздарым тұрмыс құрды. Бәрі де ғылым докторы. Мен, жеңгең, Мәрияш үшеумізге жеңгеңнің табысы былай жетеді. «Соған сақтайыншы» дейтіндей менде ұл жоқ. Мәлібайым дүниеден ерте кетті. Әлгінде бір студент 500 сом сұрап келді. Мәлібайым сұрап тұрса, бермес пе едім. Сол сияқты оған да, ана болашақ суретшіге де. Ол талантты жігіт. Талантқа көмектесу керек. Егер ол жақсы суретші болып, қазақ өнерінің дамуына үлес қосса, оған жұмсалған шығынымыздың орнына келгені ғой. Осылай, Бөке, — деді.

Жеңгей Геология институтында бөлім бастығы болып істеген. Ол да айлығынан бас тартқан адам. Бір күні жеңгейге:
– Мұныңыз не? – деймін ғой.
– Ағаңның еңбекақысы жетеді. Ал менің еңбекақымның есебінен басқалардың еңбекақысын көтерсін, – дейді.

Мен қайран қаламын. Ағай жеңгейдің еңбекақысына сенеді екен, жеңгей ағайдың. Ал ол еңбекақылардың қайда кетіп жатқанынан хабар бердік. Сонда бұлар қалай өмір сүреді, жалпы!? «Ағама жеңгем сайдың» тура өзі ғой.

Ал ағайдың 1942 жылғы Сталиндік сыйлыққа алған 200 мың сомын түгелдей Отан қорғау қорына бере салғанын бүгінгі ұрпақта кім біліп жатыр!?
Бір күні Қанекең: «Александров бағына барып, біраз сейіл құрып қайтайықшы», – деді. Парк қонақүйден тас атым жерде ғана, Кремльдің жанында болатын. Жолшыбай байқасам, ағайдың жүрісі бұзылған, ақсаңдайтын сияқты. Орындыққа отырғызып, аяқ киімін шештіріп қарасам, ұлтарағы сірі болып қатып калыпты.
– Аяғыңызға батып жүрген мынау ғой, — деймін. – Жә, бәтеңкеңіз де шоңқиып қалыпты. Жаңа бәтеңке алайықшы.
– Қызға баратын жігіттей, жалтыратып оны қайтесің. Одан да оған кететін ақшаны көмек сұрай келген бір студентке бермейміз бе?! – деп қарап отыр. Сонан кейін мен жақын жердегі бір магазиннен жұмсақ ұлтарақ әкеліп, салып берген едім:
– Түу, мынауың көрім болды-ау. Жұп-жұмсақ, – деп ерсілі-қарсылы еркін адымдап, рақаттанып қалды…
Қаныш ағайдың жетісін беруге дайындалып жатқан күндердің бірінде мені Шапық Шөкин шақырды. Ол жылдары бұл кісі Ғылым академиясы партия ұйымының хатшысы болатын.
– Бөке, Орталық Комитет Қанекең жабдығына өз жанынан 2 мың сом көмек бөліп қойған екен. Соны Таисия Алексеевнаның қолына қалай тапсырамыз?
– Жинақ кітапшасының есеп-шотын берсе, соған аудармай ма? – дедім.
– Мәселе сол кітапшаның жоқтығында болып тұр. Әлгінде жеңгейге телефон соғып, сіз айтқан жөнді ұсынсам, «Қаныш екеумізде ешқашан жинақ кітапшасы болған емес» дейді».

Автор: Мамай Ахетов

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleӘдебиет және театр сыншысы Әлия Бөпежанова туралы бір үздік сыр
Next Article Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып кетті

Оқи отырыңыз...

Әдебиет және театр сыншысы Әлия Бөпежанова туралы бір үздік сыр

20.11.2026231
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Үш жыл қорлаған: келініне күн көрсетпеген ене бес жылға сотталды

20.11.202611

«Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды

20.11.20262

5 есеге өсірген: Азия ойындарының чемпиондары енді 50 мың доллардан алады

20.11.20260

Астанада азық-түлік бағасын заңсыз өсіргендер жазаланады

20.11.20260

«Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен түскен фотосын жариялады (ФОТО)

20.11.202669

Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып кетті

20.11.20262

Ұлылардың ұлағатты өмірі: ғалым Қаныш Сәтбаев ақшаны қалайша «күректеп» тапқан?

20.11.202634

Әдебиет және театр сыншысы Әлия Бөпежанова туралы бір үздік сыр

20.11.2026231

ІІМ комитетінің бұрынғы басшысы жыныстық зорлық жасады деген айыппен сотталды

20.11.202610

Дональд Трамп Қазақстанға келуге ниетті – АҚШ елшісі

20.11.20264

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.