Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Білім & ғылым»Instagram-да көптен күткен функция пайда болды
Білім & ғылым

Instagram-да көптен күткен функция пайда болды

НұрланНұрлан20.11.20260
Фото:depositphotos.com / rafapress

Instagram әлеуметтік желісі жарияланған Stories жазбаларына 15 минут ішінде өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Енді жарияланған Stories жазбаларындағы мәтінді, музыканы, стикерлер мен суреттерді 15 минут ішінде өңдеуге болады. Бұл ретте қаралым саны, лүпілдер мен жауаптар сақталады.

Бұл туралы Instagram платформасының басшысы Адам Моссери әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Жарияланған Stories жазбасын өңдеу үшін экранның төменгі оң жақ бұрышындағы «Тағы» батырмасын басып, «Stories-ті өңдеу» тармағын таңдау қажет. Содан кейін қажетті өзгерістерді енгізіп, сақтауға болады.

Бұған дейін Stories жазбасын өшіріп, қайта жариялаған кезде қаралым, лүпіл және жауап саны сақталмайтын. Сонымен қатар бірнеше Stories қатарынан жарияланса, олардың бастапқы реті өзгеретін.

— Көптеген пайдаланушы бұл функцияны көптен бері сұрап келеді. Сондықтан оны іске қосқанымызға қуаныштымын, — деді Моссери.

Stories функциясын өңдеу мүмкіндігінен бөлек, Instagram бұл бөлімдегі өзге де құралдарын жаңартып жатыр. Атап айтқанда, жаңа қаріптер, стикерлердің түрлі түстері мен пішіндері қосылады. Оларды пайдаланушылар оңай табуы үшін жеке топтарға топтастырады.
Сондай-ақ бірнеше фотосуретті таңдау тетігі жетілдіріліп, фонды безендірудің жаңа үлгілері ұсынылады. Олардың ішінде бұлыңғырлау әсері, түрлі түстер мен градиенттер бар.

инстаграм функция
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Жас журналистер жұмыс таппай жүр»: Төреғалидің қарындасы «Хабар» арнасына жүргізушілікке шақырғанын айтып, сынға қалды
Next Article Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтердің жалақысын көтеру ұсынылды

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін марапаттады

20.11.20260

Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтердің жалақысын көтеру ұсынылды

20.11.20260

«Ұйықтап оянғанда қан кеткен»: Қармақшыда 58 жастағы ер адам жасөспірім қызды зорлады деп айыпталды

20.11.202621
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Уайымдап біттім»: Қайрат Нұртастың әйелі үлкен ұлының денсаулығы сыр бергенін айтты

20.11.20267

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін марапаттады

20.11.20260

Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтердің жалақысын көтеру ұсынылды

20.11.20260

Instagram-да көптен күткен функция пайда болды

20.11.20260

«Жас журналистер жұмыс таппай жүр»: Төреғалидің қарындасы «Хабар» арнасына жүргізушілікке шақырғанын айтып, сынға қалды

20.11.202639

«Ұйықтап оянғанда қан кеткен»: Қармақшыда 58 жастағы ер адам жасөспірім қызды зорлады деп айыпталды

20.11.202621

Елена Рыбакина әлемдік екі рейтингіде көш бастады

20.11.20260

Ақтөбедегі кәсіпкер өлімінен кейін ұлы алғаш рет мәлімдеме жасады

20.11.202617

Президент: «Екінші деңгейлі банктер ауыл шаруашылығын кредиттеуге белсенді атсалысуы керек»

20.11.20260

«Елге жасалған ең ауыр қастандық»: Президент

20.11.20269

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.