Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»«Елге жасалған ең ауыр қастандық»: Президент
Басты ақпарат

«Елге жасалған ең ауыр қастандық»: Президент

НұрланНұрлан20.11.20260
Фото: Ақорда

Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау — елге жасалған ең ауыр қастандық. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІІ форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

«Көп ұзамай халқымыз ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтеді. Бұл — мемлекетіміздің тарихи өсіп-өркендеу жолындағы аса маңызды белес. Осы кезеңде біз талай қилы жолдан аман-есен өттік. Берекелі бірлігіміздің арқасында көптеген сынақты абыроймен еңсердік. Мемлекеттілігімізді нығайттық, халықаралық абырой-беделімізді күшейттік. Біз Қазақстанды бәсекеге қабілетті, озық ел ретінде дамыту үшін әлі де белсенді әрі табанды жұмыс істей береміз. Әрине, осы кезге дейін бәріміз жұрт болып жұмылып, біраз шаруа атқардық. Өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезіне отырып, ауқымды реформаларды жүзеге асырдық», — деді Мемлекет басшысы.

Президент наурыз айында өткен жалпыұлттық референдумда мемлекетіміздің төл құжаты — Конституциямыз қабылданғанын атап өтті.

«Бұны ұлтымыздың тағдырына тікелей әсер ететін тарихи шешім болды десек, артық болмас. Конституцияда егемендік пен тәуелсіздікті қорғау, жалпыұлттық бірлігімізді күшейту мемлекеттілігіміздің негізгі қағидаттары болып бекітілді. Адам капиталын, білім-ғылымды, инновацияны дамыту конституциялық мәртебеге ие болған міндетке айналды. Біз ұлт Конституциясында «Заң мен тәртіп» қағидатын халқымыздың аса маңызды құндылығы деп айқындадық», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы «Заң мен тәртіп» Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты ұстанымы екенін баса айтты.

«Түптеп келгенде, ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер дәл осы қағидатқа негізделеді. Өйткені заң үстемдік етпесе, қоғамда тәртіп болмаса, ешқандай реформаның нәтиже бермесі айдан анық. Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау — елге жасалған ең ауыр қастандық. Сондықтан біз қоғамдық дерттің бәріне, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл күрес жүргіземіз», — деді Президент.

Ақорда
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқаев: «Агроөнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі екі есе ұлғайып, 7 миллиард долларға жуықтады»
Next Article Президент: «Екінші деңгейлі банктер ауыл шаруашылығын кредиттеуге белсенді атсалысуы керек»

Оқи отырыңыз...

Президент: «Екінші деңгейлі банктер ауыл шаруашылығын кредиттеуге белсенді атсалысуы керек»

20.11.20260

Тоқаев: «Агроөнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі екі есе ұлғайып, 7 миллиард долларға жуықтады»

20.11.20260

«Ел қамбасы астыққа толды»: Тоқаев биылғы егін науқанына баға берді

20.11.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент: «Екінші деңгейлі банктер ауыл шаруашылығын кредиттеуге белсенді атсалысуы керек»

20.11.20260

«Елге жасалған ең ауыр қастандық»: Президент

20.11.20260

Тоқаев: «Агроөнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі екі есе ұлғайып, 7 миллиард долларға жуықтады»

20.11.20260

Мексикада Димашқа Дүниежүзілік бокс кеңесінің құрмет белбеуі берілді

20.11.20260

«Ел қамбасы астыққа толды»: Тоқаев биылғы егін науқанына баға берді

20.11.20261

«Өлсе құрт—құмырсқаға жем»: желі белсендісі еркектердің бұтына таласатын әйелдерді сынға алды

20.11.202611

Әлеуметтік желідегі фотосуреттері үшін 23 жастағы қызды інісі өлтірді

20.11.202610

Үш жыл қорлаған: келініне күн көрсетпеген ене бес жылға сотталды

20.11.202620

«Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды

20.11.20262

5 есеге өсірген: Азия ойындарының чемпиондары енді 50 мың доллардан алады

20.11.20260

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.