Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Тибеттік тханка өнері: Цинхайда көне дәстүр қалай жаңғырып жатыр?
Жаңалықтар

Тибеттік тханка өнері: Цинхайда көне дәстүр қалай жаңғырып жатыр?

Марья АйдарбаеваМарья Айдарбаева18.07.202615

Алтын, күміс және табиғи минералдардан алынған бояулармен салынған картиналар ғасырлар бойы өзінің бастапқы бояуын жоғалтпай сақталады. Осындай ерекше өнердің қыр-сырын Қытайдың Цинхай провинциясындағы Цинхай Ұлттар университетінің Халықаралық білім беру институтында меңгеруге болады. Мұнда дәстүрлі қолөнер жай ғана оқытылмайды, тәжірибелі шеберлердің жетекшілігімен іс жүзінде үйретіледі.

Институт жанындағы университет пен өндіріс орындарының бірлескен маман даярлау базасы ғылым мен өндірісті, дәстүрлі шеберханалар мен материалдық емес мәдени мұра иелерінің тәжірибесін тоғыстырған бірегей орталыққа айналған.

Базамен танысу барысында біз ежелгі өнердің қалай сақталып, жас ұрпаққа қалай табысталатынын өз көзімізбен көрдік. Бағдарлама аясында қолөнер шеберханалары мен көрме залы таныстырылып, тханка жасау бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

Бұл мәдени орталыққа Қазақстаннан барған делегациямен бірге Тәжікстан, Боливия, Албания, Мексика және Чили мемлекеттерінің өкілдері де қатысты.

Тханка – рухани мұраның көркем шежіресі

Тханка – тибет бейнелеу өнерінің ең танымал әрі көне түрлерінің бірі. Алайда ол жай ғана сәндік сурет емес. Әрбір туындының астарында тұтас бір халықтың тарихы, дүниетанымы, діни ұстанымы мен ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы жатыр.

Тханкадағы әрбір детальдың өзіндік мәні бар. Кейіпкерлердің орналасуы, дене қимылы, қол ишарасы, бояу үйлесімі, тіпті кескіндердің пропорциясына дейін ежелден қалыптасқан қатаң канондарға сай орындалады. Сондықтан мұндай туындыны салатын шебер суретшілік қабілетпен қатар тибет мәдениеті мен оның символдық жүйесін терең меңгеруі тиіс.

Бір ғана картинаны жазуға кейде бірнеше ай, тіпті жылдар кетеді. Әуелі арнайы негіз дайындалып, оның бетіне дәлме-дәл нобай түсіріледі. Осыдан кейін ғана бояу жағу басталады. Әсіресе адам жүзінің бейнесі, ұлттық өрнектер, киім үлгілері мен сәулеттік элементтерді ұқыптылықпен орындау зор төзімді талап етеді.

Табиғаттан алынған бояулар

Тханка өнерінің басты ерекшелігінің бірі – қолданылатын материалдардың табиғилығында.

Шеберлер алтын, күміс, інжу, маржан, агат, көгілдір ақық (бирюза), малахит және киноварь сияқты табиғи минералдар мен асыл тастарды пайдаланады.

Ал түрлі түсті бояулар шафран, индиго, рауғаш және басқа да өсімдіктерден дайындалады. Минералдар ұсақталып, бірнеше кезеңнен өтіп тазартылады. Кейін олар арнайы пигментке айналып, табиғи желімдермен араластырылып бояу әзірленеді.

Дәл осы табиғи құрамның арқасында тханка туындылары жүздеген жыл бойы өңін жоғалтпай, бояуының қанықтығы мен тереңдігін сақтап келеді. Сондықтан ғасырлар бұрын салынған картиналардың өзі бүгінге дейін айқын әрі жарқын күйінде жеткен.

Ежелгі өнерді жаңғыртып отырған білім ордасы

Бұл базада тек тханка жазу ғана оқытылмайды. Сонымен қатар дәстүрлі қабырға кескіндемесі, металлға бедер салу өнері, күміс әшекейлер жасау, мыс бұйымдарын өңдеу және Цинхай өңіріне тән басқа да ұлттық қолөнер түрлері үйретіледі.

Оқу үдерісі толықтай тәжірибеге негізделген. Студенттер алдымен өнер тарихын, дәстүрлі технологияларды меңгеріп, кейін шеберханаларда өз қолдарымен жұмыс істейді. Мұндай тәсіл олардың білімді тек кітаптан емес, өмір бойы осы өнермен айналысып келе жатқан шеберлерден тікелей алуына мүмкіндік береді.

Базаның аумағында материалдық емес мәдени мұраға арналған көрме залы мен бірнеше шығармашылық шеберхана жұмыс істейді. Мұнда келушілер туындының дүниеге келу жолын – табиғи минералдарды өңдеуден бастап дайын картинаның соңғы штрихына дейінгі барлық кезеңді тамашалай алады.

База жетекшісі Вэй Яцюнның айтуынша, орталықтың басты мақсаты – кәсіби мамандар даярлау ғана емес, мәдени алмасуды дамыту, креативті индустрияны қолдау және қытайдың дәстүрлі мәдениетін халықаралық деңгейде кеңінен таныту.

Цинхайдағы бұл орталыққа жасаған сапар ежелгі қолөнердің музей жәдігері ретінде ғана сақталмай, бүгінгі қоғаммен бірге өмір сүріп жатқанын көрсетті. Ғасырлар бойы қалыптасқан өнер шеберлердің қолында жалғасып, жас буынға табысталып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдарды Қытайдың бай мәдени мұрасымен жақынырақ таныстырып келеді.

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article12 мыңнан астам адам көз жұмды: Еуропадағы аптап ыстық басылмай тұр Марина Ахметжанқызы
Next Article Сағи Әшімов тірі болғанда 65 жасқа толар еді: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы ағасы тауралы жазды

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026328

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.