Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Киімдерім ескі, көрінуге ұялдым: Бейімбет Майлин жоқшылықтан жалданып кеткен әйелін тығылып отырған жерінен тауып алған
Оқиғалар

Киімдерім ескі, көрінуге ұялдым: Бейімбет Майлин жоқшылықтан жалданып кеткен әйелін тығылып отырған жерінен тауып алған

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы24.07.2026692

Жазушы Бейімбет Майлиннің жары Гүлжамал Майлинаның естелігі елдің жүрегін елжіретті. Күйеуі атыларға дейін де Гүлжамал апа ауыр азапты бастан кешірген, деп жазады Muztaumedia.

Алаш арысының әйелі былай деп естелік қалдырған:

Бейімбет жалшының баласы, мен кедейдің қызы едім. Біз шаңырақ көтеріп, түтін түтеткенде тұрмысымыз өте ауыр болды. Бейімбет ауылда мұғалім, тапқаны ішіп-жемнен артпайтын. Сонда да ол мұңын сыртқа шығармай, жарқын бейнесімен бәрімізді жадырататын.

1921 жыл болса керек. Бейімбеттің балаша қуанғанын алғаш көрдім.

— Совнаркомның төрағасы Сәкен Орынборға шақыртыпты, — деді ол менің жүзіме шаттана қарап, бір кеңес сұраған адамдай.

Ол кезде мен қара танымайтын сауатсыз едім. Не айта алам, үндемедім. Мұңайып қалсам керек, Бейімбет әдеттегідей мейірімді сөзімен жұбата бастады.

— Айналайын, сен ренжіме! Жұмыстың аты — жұмыс. Орналасып қалсам, көшіп келеміз, — деді.

Ол балаша еркелетіп, егжей-тегжейін түсіндіріп жатыр. Расында қыс та тақап қалған еді. Жылы орыннан қозғалып, бұдан да қиынына тап боламыз ба деп қорықтым. Ақылына сүйеніп, бой үйренген ауылда қала бердім. Бейімбет жүріп кетті.

Екі-үш айға дейін хабар болмады. Ақыры, қыс ортасына таман бір хат келді-ау, әйтеуір. Ауылдағы хат танитын бір баланы оңаша шығарып алып, оқыттым. Ол мені жұбатып, небір жылы сөздер жазыпты. Жұмысқа тұрып қалғанын айтып, жаз шыққанда келем депті…

Біздің тұрмысымыз ауырлап кеткен еді. Бейімбеттің әке-шешесі Мұқамжар деген байда жалшылықта жүріп өмірлерін өткізген. Амалсыздан мен де соған жалдандым. Келесі жазда Бейімбет келді. Әдепкіде оған көрінуге ұялдым. Киімім ескі, үсті-басым сауыс-сауыс еді. Бейімбет тығылып отырған жерімнен іздеп тауып алды.

— Ойпырмай, не боп кеткенсің? — деп шошып кетті.

Мен ұялғаннан ба, еңіреп жылай бердім. Ол қолымнан жетелеп үйге кіргізді де, алдыма неше түрлі киімдерді үйіп тастады.

«Мына жаңа киімдерді ки», — деді.

Мен киініп болғаннан кейін, ескі шоқпыттың бәрін қазандыққа тығып өртеп жіберді.

— Міне, біздің алқымымыздан алған қырсық, құл болып жүрген өміріміз жанып кетті. Енді бақытты өмір сүреміз! — деді толқи тұрып.

Шынында да, бізді титықтатқан қырсық сол күні-ақ күлге айналған еді. Кейін Бейімбетке «Ауыл» газетін шығару тапсырылып, Қостанайға келдік. Менің жаңа өмірім басталды. Бейімбет маған тәрбие беріп, өзі оқытты.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleИнфляциялық тәуекелдер жоғары: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені азайтты
Next Article Ұлттық банктың базалық мөлшерлемені төмендетуіне қатысты сарапшылар пікір білдірді

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026348

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.