Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»+47 градусқа дейін аптап ыстық: 26 шілдеде ел тұрғындары ауыр ауа райын бастан өткереді
Жаңалықтар

+47 градусқа дейін аптап ыстық: 26 шілдеде ел тұрғындары ауыр ауа райын бастан өткереді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы26.07.202613
Фото: ЖИ muztaumedia

Синоптиктер Қазақстан өңірлерінің тұрғындарын 26 шілдеде ауа райының нашарлайтыны туралы ескертті. Елдің әр аймағында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауылды жел, шаңды дауыл, +47 градусқа дейін аптап ыстық және табиғи өрт қаупінің жоғары болуы күтіледі, деп хабарлайды Muztaumedia.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауылды жел күтіледі. Ал облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Ауа температурасы +40…+41 градусқа дейін көтеріледі.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл соғады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталық бөлігінде шаңды дауыл болжанып отыр. Сонымен қатар, ауа температурасы +40…+42 градусқа дейін көтеріледі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел күшейіп, екпіні секундына 18 метрге жетуі мүмкін.

Ең жоғары температура елдің батысы мен оңтүстігінде күтіледі.

Маңғыстау облысында 26 шілдеде ауа температурасы +43…+47 градусқа дейін көтеріледі. Ақтауда күн +38…+39 градусқа дейін ысиды. Синоптиктердің мәліметінше, өңірде қатты және өте қатты ыстық кемінде 1 тамызға дейін сақталады.

Атырау облысында 25-27 шілде аралығында ауа температурасы +40…+43 градусқа дейін көтеріледі, ал облыс орталығында +42 градусқа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 26-27 шілдеде +40 градусқа дейін аптап ыстық болжанып отыр.

Ұлытау облысында ауа температурасы +35…+39 градус болады, ал Жезқазғанда +35 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысында синоптиктер 27 шілдеде өңірдің оңтүстігінде ауа температурасы +41 градусқа дейін көтерілетінін ескертті.

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақстан мен Ресейдің ортақ жобаларының құны 52 млрд доллардан асты — Тоқаев
Next Article Қанды кек: Өзбектер мен моғолдар қазақтың ханын тоғыз ұлымен бірге өлтірген

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026348

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.