Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»«Өртің көп болсын»: асабаның арсыз, тойдағы қонақтарды кемсіткен сөздері сынға ұшырады
Қоғам

«Өртің көп болсын»: асабаның арсыз, тойдағы қонақтарды кемсіткен сөздері сынға ұшырады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы27.07.20261 751

Әлеуметтік желілерде өзін халал той жүргізушісі ретінде танытып жүрген асаба Сабыржанның той барысында айтқан орынсыз әзілдері қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Muztaumedia ақпарат агенттігі.

Көпшілік оның қонақтардың мамандығына қатысты айтқан сөздерін орынсыз әрі кемсітушілік деп бағалап жатыр.

Желіде тараған бейнежазбада асаба әртүрлі мамандық иелеріне қалжың айтамын деген ниетпен әдеп шегінен шыққан сөздер айтқан. Атап айтқанда, өрт сөндірушіге «Өртің көп болсын» деп тіл қатса, дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне «Оны да оқи ма? Дене шынықтыруны түрмеден келгендер де істеп жатыр ғой» деген мазмұнда пікір білдірген. Сондай-ақ базарда қауын-қарбыз сататынын айтқан қонаққа «Бәсе, үстіңізден сасық иіс шығып тұр екен» деп әзілдеген.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде кең тарап, оқырмандар арасында түрлі пікір туғызды. Бірі асабаның мұндай әзілдері тойдың көңілін көтеруге бағытталғанын айтса, енді бірі адамның мамандығын келемеждеу ешқандай әзілге жатпайтынын алға тартты.

Желі қолданушыларының басым бөлігі той жүргізушісінің әрбір қонаққа құрметпен қарауы қажет екенін айтып, көпшілік алдында адамның еңбегі мен кәсібін мазақ ету дұрыс емес деген пікір білдірді.

Асабаның лағып сөйлеп, ақша табу ұшін жалданып жүрсе де, той иесінің мерекелік дастарханын осылайша қадірлемеуі, қонақтарды кемсітуі деңгейінің төмендігін білдіреді.

ақша асаба ән би той
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСалқын саясаттан сескенген Клебанов: Ақордаға арзан пиар емес, нақты нәтиже маңызды
Next Article «Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда доллар бағамы тағы құлдырады

30.10.20261

Қазақстан халқының банктер алдындағы берешегі 27 триллион теңгеге таяды

29.10.20262

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026348

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.