Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Саясат»Салқын саясаттан сескенген Клебанов: Ақордаға арзан пиар емес, нақты нәтиже маңызды
Саясат

Салқын саясаттан сескенген Клебанов: Ақордаға арзан пиар емес, нақты нәтиже маңызды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы27.07.20266
Байқағаным, соңғы кезде Ақорда азан-қазан арзан пиар мен шоуды жинап қойып, бұрын-соңды болмаған суық прагматизмге көшуде…

Алысқа, бармай-ақ атышулы Клебановты алайықшы. Екібастұздағы авария «ескі Қазақстанның» монополиялық моделінің ақырғы инфаркты еді ғой.

Клебанов сияқты кландар ондаған жыл бойы стратегиялық инфрақұрылымды сүлікше сорып, артында тозығы 80%-ға жеткен қазандықтарды ғана қалдырды. Қазіргі жүйе бұлармен ешқандай арзан шоу жасаған жоқ. Тап-таза суық акционерлік тілде сөйлесті.

Жылу желілері мен қазандықтар мемлекет бақылауына қайтып, инфрақұрылымды жаңарту міндеті мен қаржылық жүктеме қайта бөлінді. Содан бері міне екі жыл өтті. Облыстардағы ЖЭО-лар айғай-шусыз, ың шыңсыз ауқымды реконструкциядан өтп жатыр.

Тоқаев? Тоқаев әлгі Клебановтарды түрмеге жаппай, оларды өз ақшасына өздері қиратқан жүйені жөндеуге мәжбүрледі. Бюджеттен көк тиын шығындамай, «ескі Қазақстанның» ұрланған ақшасын ұлттық инфрақұрылымды реанимациялауға жекті.

Астанадағы LRT да жемқорлықтың символы секілді естіліп, елорданың беделіне түскен үлкен дақ болатын. Тіпті қоғамда «бұларды ма, бұларды сүріп тастау керек» деген арыз-шағым да көбейген-тін.

Шыны керек, біреудің бүлдірген, аяқсыз қалдырған жобасын қолға алып, соңына жеткізу өте-мөте қауіпті тәуекел. Саяси тұрғыдан Назарбаевтан мұраға қалған монументті талқандай салу оңай болатын. Ақыры не болды? Тоқаев жобаны бұзған жоқ. Ескі режімнің сойқан фиаскосы саналған бетон бағандардың құрылысы сәтті аяқталып, қаланың логистикалық концепциясын толық өзгертті.

Назарбаев дәуірінде АЭС салу мәселесі 20 жыл бойы көтеріліп, соңы саяси саудаға тіреліп, тұралап тұрды. Ашығында айтқанда ескі билік жауапкершілікті өз мойнына алудан қорықты.

Тоқаев бұл мәселені де дипломатиялық сүзгіге салды. Референдум арқылы қоғамдық легитимділік алып, геосаяси алыптардың арасындағы бәсекелестікті Қазақстанның ұлттық мүддесіне жұмыс істетті. Ақыр соңы АЭС саяси сауданың тақырыбы болудан қалып, нақты техникалық-стратегиялық жоспарға көшті.

Кеше Алматы мен Астананың арасында жүріп келдім. Жол деген тақтайдай тегіс, жайнап жатыр. Отыз жыл бойы сіз бен біз қақсап айтып келген ауызсу, жаңа қазандықтар, облысаралық жолдар сияқты проблемалар қазір дабырасыз атқарылуда. Бектенов үкіметі біртіндеп ақшаны Астанадан өзге шалғай өңірлерге, моноқалалардың ішкі инфрақұрылымына бұру үстінде.

Ел осыны күткен еді. Назарбаев дәуірінің негізгі екпіні Астана мен Алматыға жасалып, аймақтардың шикізаттық колония ретінде, қараусыз қалғаны қалғаны өтірік емес. Тіпті, Қаңтар оқиғасы да осы шеттетілген аймақтардың орталыққа деген ашу-ызасынан туындағанын мойындау керек.

Тоқ етерін айтқанда, отыз жыл бойы салынбаған АЭС, аяқсыз қалған LRT, тозған ЖЭО-лар, жолдар, тағы басқалар ескі режимнің жауапкершіліктен қашып, болашақ биліктің минасы ретінде қалдырып кеткен саяси мұрасы еді. Қазір осы миналарды үнсіз, залалсыздандыру процесі жүруде. Президенттің инфрақұрылымдық саясаты нәтиже беруде.

Ең бастысы мұнда ешқандай пиар, ұран немесе жеке тұлғаның култі жоқ.

Қазандықтар жаңартылып жатыр ма? Жаңартылып жатыр. Су тартылып жатыр ма? Тартылып жатыр. Бірақ бұған ешкім «Тоқаевтың реформасы» деген лента байлап, салтанатты жиын жасап жатқан жоқ. Жүйе дабыра қылмай-ақ, өз ішіндегі шіріген тамырларды үнсіз ауыстыруда.

Ескі жүйенің тұсындағы ЭКСПО сияқты пиар-жобаларға бөлінген триллиондар қазір моноқалалардың қазандықтарына, Атырау мен Маңғыстаудың су құбырларына, облысаралық жолдарға кетіп жатыр.

Осыған қарап ақ үлкен үйдегі қауымның пиар-менеджментпен бас тартып, кризис-менеджментке көшкенін сезесіз.

Abai.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАқтауда ауырмаған баланың тісін емдеген дәрігер 9 жастағы баланы өлтіріп қоя жаздады
Next Article «Өртің көп болсын»: асабаның арсыз, тойдағы қонақтарды кемсіткен сөздері сынға ұшырады

Оқи отырыңыз...

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.202610

Германияда алғаш рет әйел адам президент атануы мүмкін

30.10.20264

Мемлекет басшысы «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі аллеясын ашты

30.10.20264
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026329

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.