Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Ақтауда ауырмаған баланың тісін емдеген дәрігер 9 жастағы баланы өлтіріп қоя жаздады
Оқиғалар

Ақтауда ауырмаған баланың тісін емдеген дәрігер 9 жастағы баланы өлтіріп қоя жаздады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы27.07.20266
Фото: bauersmedical

Ақтаудағы мемлекеттік стоматологияда ем алған 9 жастағы баланың төменгі жақ сүйегінің басым бөлігі зақымданған. Аталған оқиғадан кейін біліксіз екі дәрігер жазаланды, деп жазады  Muztaumedia.kz

Halyqstan мәліметінше, оқиға биыл ақпан айында болған. Баланың анасы Ақмарал Қалжанова ұлы Нұрәділді стоматологқа тексеруге алып барған. Оның айтуынша, баланың тісі ауырмаған, ешқандай шағымы болмаған.

Соған қарамастан дәрігерлер баланың тістерін емдеуге шешім қабылдаған. Ем кезінде жансыздандыратын дәрі салынғаннан кейін баланың қызуы көтеріліп, қатты ауырып, иегі ісіне бастаған.

Анасының сөзінше, дәрігерлерге бірнеше рет қайта қаралғанымен, баланың жағдайы күннен-күнге нашарлай берген. Соның салдарынан бірнеше ай ішінде оның төменгі жақ сүйегінің шамамен 60–70 пайызы бүлініп кеткен.

«Кейін Астанадағы дәрігерлер балаға «төменгі жақ сүйегінің жедел одонтогендік остеомиелиті» деген диагноз қойған. Осы уақытқа дейін оған сүйектің жансызданған бөліктерін алып тастау үшін екі операция жасалған. Ал алда жақ сүйегін қалпына келтіруге арналған тағы бір күрделі ота күтіп тұр. Қазір отбасы оған қажетті қаражат жинап жатыр», — дейді дереккөз. 

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы жүргізген қызметтік тексерудің қорытындысы бойынша мемлекеттік стоматологияның екі дәрігеріне қатаң сөгіс берілді. Сондай-ақ емхана басшылығына анықталған кемшіліктерді жойып, балаларға көрсетілетін стоматологиялық көмектің сапасын бақылауды күшейту тапсырылды.

Алайда баланың ата-анасы мұндай жазамен келіспейді. Олар дәрігерлердің әрекетіне қылмыстық-құқықтық баға беруді талап етіп отыр.

Отбасының айтуынша, емнен кейін медициналық құжаттарға шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізілген. Сондықтан олар полициядан дәрігерлердің кәсіби міндетін дұрыс орындамауы, медициналық құжаттарды бұрмалауы және салғырттық танытуы мүмкін деген күдікпен тексеру жүргізуді сұрады.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды (ВИДЕО)
Next Article Салқын саясаттан сескенген Клебанов: Ақордаға арзан пиар емес, нақты нәтиже маңызды

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026348

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.