Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»«Нұрай мені бірінші пышақтады»: Шерхан Аймахан сотта жауап берді
Оқиғалар

«Нұрай мені бірінші пышақтады»: Шерхан Аймахан сотта жауап берді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы28.07.202636
Коллаж: Azattyq Rýhy

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Бүгін сотталушы Шерхан Аймаханнан жауап алынды. Ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты. Аймаханның сөзінше, Нұрай Серікбаймен 2025 жылдың шілдесінен бастап қарым-қатынаста болған. Ол қызға қаржылай көмек көрсетіп, түрлі сыйлық жасағанын мәлімдеді. Сотталушы 2026 жылдың 11 қаңтарында Нұраймен қарым-қатынасты тоқтату үшін кездескенін айтты. Оның сөзінше, сол кезде жанжал туындап, кейінгі оқиғалар есінде қалмаған.

«Айырылысып жатырмыз десем, ол ашуланып, сақинаны лақтырып жіберді. Нұрай кеудемнен ұрып, әдепсіз сөздер айтты. Қалтада пышақтар барын сездім. Кішісін алып шығып, оған бердім де, «Ұрғаннан гөрі осыны тық» дедім. Нұрай пышақ алып, оң жақ бүйірімнен ұрды. Әрі қарай не болғаны есімде жоқ», – деді Шерхан Аймахан.

Сотталушы Нұрай Серікбайға қатысты оқиғаның нақты қалай болғанын және пышақ жарақаттарының қалай салынғанын есіне түсіре алмайтынын айтты. Оның сөзінше, сол сәтте өзін жоғалтып, аффект жағдайында болған. Сондай-ақ Аймахан денсаулығына қатысты мәселелер бар екенін және бұған дейін де есін жоғалту жағдайлары болғанын мәлімдеді. Айта кетейік, Шерхан Аймаханға Қылмыстық кодекстің «некеге тұруға мәжбүрлеу», «сталкинг» және «аса қатыгездікпен адам өлтіру» баптары бойынша айып тағылып отыр. Сот отырысы жалғасып жатыр.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleУкраинаға берілген мүмкіндік: Тоқаевтың Омбыда Путинге айтқан сөзін Мәскеу, Батыс және әлемдік сарапшылардың қабылдауы
Next Article Бюджет ақшасына блогерлерді шақыру: Жетісу әкімдігі ондаған миллиондаған теңгенің шуына қатысты жауап берді

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.