Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Тойдағы тәртіп – қоғамдағы тәртіптің көрінісі: діндарлыққа бет бұрған Бекең мен Мұхаң қазақ мәдениеті жайлы не дейді?
Басты ақпарат

Тойдағы тәртіп – қоғамдағы тәртіптің көрінісі: діндарлыққа бет бұрған Бекең мен Мұхаң қазақ мәдениеті жайлы не дейді?

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы07.08.2026350
Коллаж: ЖИ
Намазхан ақсақалдың жақында тойда айтқан сөзі қазақ қоғамында үлкен дүмпу қозғады. Оған қатардағы әлеуметтік желіні қолданушыдан бастап, Президент әкімшілігінің бірінші орынбасары Ерлан Қаринге дейін пікір білдірді. Нәтижесінде тойда жақсы тілек айтудың орнына «ұрашы мен еркек бөлек отыруы керек», «музыка – харам», «әнші – шайтанның азаншысы» деп әсіре уағыз айтқан мосқал кісі қамалып тынды.

Кезінде домбыраны серік еткен Мұхамеджан Тазабек те Facebook желісіндегі парақшасында «Ақорданы алаңдатқан алты ауыз сөз» деп жазба жариялады. Оның пікірімен толық келіскендей Бекболат Тілеухан да әріптесінің жазбасын бөлісті, деп тәпсірлейді Muztaumedia.kz.

Мұхамеджан Тазабек жазбасында қасиетті пайғамдарымыздың ғибратты өмірінен мысалдар келтірген. «Пайғамбарымыз ﷺ Мекке алынғанға дейін Қағбаның ішінде пұттар тұрғанына қарамастан, мұсылмандарға Қағбаны айналып тауап жасауды тоқтаттырмады. Алдымен адамдардың жүрегін өзгертті, қоғамды дайындады, содан кейін ғана пұттар сыртқа шығарылды. Төзім, жағдаймен санасу, өзгенің де ахуалын ескеру — осы даналықтың ішінде жатқан жоқ па?!»,  «Бірде, бір бәдәуи мешіттің ішінде дәрет сындырғанда сахабалар оны бірден тоқтатпақ болды. Бірақ Алла Елшісі ﷺ: «Тиіспеңдер, бітірсін», – деп сабырға шақырды. Кейін әлгі адамға жұмсақ түрде түсіндірді. Өйткені кейде мәселені күшпен емес, көрегендікпен шешу әлдеқайда үлкен нәтиже береді», деп жазды ол.

«Діндар қауымның да ескерер дүниесі көп» дей келе, «Зайырлылықты дінге қарсылық деп ұғу дұрыс емес. Зайырлылық — әр азаматтың ар-ождан бостандығын қорғай отырып, қоғамдағы ортақ тәртіп пен заңның үстемдігін қамтамасыз ететін қағида. Сондықтан зайырлы қоғамда да қасиетті дүниелерді әдейі қорлау, адамдардың діни сезімін аяққа таптау немесе қоғамды арандататын әрекеттер еркіндік болып саналмайды. Еркіндік әрқашан жауапкершілікпен бірге жүреді» деп нықтады.

Оның бұл ойы да Бекболат Тілеуханның Аман Тасығанға берген сұхбатымен үндес жатыр. Өз сөзінде ол: «Намазыма тиісті, сөйлеген сөздері ме де…қай жерде көп сөйлегенімде тиісті» деп шағынған.

Журналист Айнұр Асенберді жақында жариялаған бейне сұхбатында діндар Дарын Мубаров: «Бекболаттың әнді қойып кетуіне сіз әсер етті дейді, сол рас па?!» деген мағынада сұрақ қойған. Сұхбат беруші Бекболат Тілеухан орындаған әндердің гибратқа толы дүниелер екенін айтқан.

Бекболат Тілеухан бір пікірінде жаттанды болған «киелі сахна» деген сөзге де тоқталып, бұл ұғымның жаңсақтығын ашып беріпті.

Ал той туралы Мүхамеджан Тазабек: «Той — біздің мәдениетіміздің айнасы. Тойдағы сөз — халқымыздың ойлау деңгейінің көрсеткіші.

Тойдағы әзіл — біздің тәрбиеміздің өлшемі. Тойдағы тәртіп — қоғамдағы тәртіптің көрінісі.

Сондықтан асаба да, ақсақал да, имам да, өнер адамы да, қарапайым қонақ та бір нәрсені ұмытпауы керек: бүгін айтылған әр сөз ертең бүкіл елдің бағытына айналуы мүмкін» дейді. Одан ары: «Қазақтың дәстүрі де, Исламның тәрбиесі де адамды әдепке, сабырға, жауапкершілікке шақырады. Мемлекеттің де басты мақсаты – қоғамның тұрақтылығы мен татулығын сақтау. Бұл үшеуі бір бағытқа жұмыс істегенде ғана ел күшейеді» деген ой қорытады.

Мұхамеджан Тазабек пен Бекболат Тілеуханның кезінде бірі айтыскерлігімен, енді бірі әншілік өнерімен ұлтымыздың мақтанышына айналғаны белгілі. Өнерден алшақтап, діни бағытқа бір жолата бет бұрған арда азаматтар жоғарыдағы кесек ойларын жазып қана қоймай, домбырасымен бұрынғыдай екіленіп елге жеткізсе нұр үстіне нұр болар еді. Домбыраны «харам» санайтындардың саны азаяр еді, дәстүрге деген теріс пиғыл түзеліп елдің ішкі бірлігі нығаяр еді.

Abai.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Назарбаевты қатты ренжітіп алдым»: Бекболат Тілеухан жағымпаздардың кесірінен экс-президенті өкпелетіп алғанын айтты
Next Article 75 мың талапкер студент атанды: Білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026368

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Анкара сапары: Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

30.10.202644
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.