Бекболат Тілеухан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында бірінші президент туралы айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Бұрынғы термеші Назарбаевты ренжітіп алғанын айтты.
«Нұр-Отан» деп бержағындағы жағымпаздар подстава жасады. Отан десе де тұра береді. Сол кезде мен: Отанның нұрсызы, жаманы болмайды Отан болып қала берсін деп айтқанмын. Сол кезде президент маған ренжіп қалды. Мен расында да Қазақстанда демократия бар деп жүрген аңғал адаммын. 38 жастағы баламын ғой», — деді ол.


