Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Қыздың құны 10 млрд теңге: Нұрай Серікбайдың отбасы күдіктіден бұрын соңды Қазақстан сотында болмаған өтемақы талап етті
Қоғам

Қыздың құны 10 млрд теңге: Нұрай Серікбайдың отбасы күдіктіден бұрын соңды Қазақстан сотында болмаған өтемақы талап етті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы07.08.2026109
Фото: видеодан скрин

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сот жалғасып жатыр. Кезекті отырыста жәбірленуші тараптың өкілі Аянхан Омаров сотталушы Шерхан Аймаханға қойылған азаматтық талаптың көлемін жариялады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Адвокаттың айтуынша, қыздың қазасынан кейін оның отбасы жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға, діни жөн-жоралғылар мен қырқы асын өткізуге, құлпытас орнатуға, сондай-ақ тергеу амалдары мен сот отырыстарына қатысу үшін жол жүруге қомақты қаражат жұмсаған.

Құжатпен расталған материалдық шығын көлемі 14 млн 739 мың теңге деп бағаланған.

Бұдан бөлек, жәбірленуші тарап 10 млрд теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіруді талап етті.

Адвокат бұл талапты Нұрайдың ата-анасы жалғыз қызынан, ал ағалары туған қарындасынан айырылғанымен түсіндірді. Оның сөзінше, отбасы бастан өткерген қайғыны ешқандай қаржылай өтем толық өтей алмайды.

«Ата-анасы бар мейірімі мен қамқорлығын төгіп өсірген жалғыз қызынан айырылды. Ағалары сүйікті қарындасынан көз жазып қалды. Баласынан айырылған ата-ананың қайғысы мен қасіреті өмір бойы бірге жүреді және оны ешқандай материалдық игілікпен өтеу мүмкін емес. Сотталушы Аймахан Нұрайды некеге тұруға мәжбүрлеген… Ешқандай ақшалай өтемақы Нұрайды қайтара алмайды әрі отбасының орны толмас қайғысын жеңілдетпейді», – деді Аянхан Омаров.

Осыған байланысты марқұмның отбасы соттан Шерхан Аймаханнан 10 млрд теңге моральдық өтемақы мен 14 млн 739 мың теңге материалдық шығынды өндіріп беруді сұрады.

күдікті Нұрай Серікбай өтемақы пышақ сот Шымкент
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБағасы бірнеше рет төмендетілген Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары кімге сатылды?
Next Article «Pin Up дауы»: Тағы бір танымал блогерге іздеу жарияланды

Оқи отырыңыз...

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Куәгер Боқаев үшін 12 миллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғанын мойындады

30.10.20263

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.