Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»«Управляют низкие люди»: Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі «Respublica» партиясының төрағасы Қожаназаровты сынға алды
Қоғам

«Управляют низкие люди»: Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі «Respublica» партиясының төрағасы Қожаназаровты сынға алды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы12.08.2026536

«Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың Абай мен Құнанбайға қатысты айтқан сөзі қоғамда қызу талқыға түсті. Партия жетекшісінің мәлімдемесіне белгілі мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Алматы әкімінің кеңесшісі Базарбек Атығаев та пікір білдіріп, ойын өткір жеткізді, деп жазады Muztaumedia.kz.

Айдарбек Қожаназаров Абайдың ұлы ақын ретінде қалыптасуына Құнанбайдың материалдық мүмкіндігі әсер еткенін айтып:

«Абайды Абай қылған Құнанбайдың малы. Егер де Құнанбайдың малы болмаса, Абай Абай болмайтын еді. Өйткені Абайдың уақыты болмайтын еді. Мал бағатын еді», – деп елді шулатқан.

Бұл пікірге Базарбек Атығаев келіспейтінін аңғартып, Қожаназаровтың сөзіне қарсы уәж айтты. Мәдениет қайраткерінің пайымынша, партия жетекшісі Құнанбайдың Абайға жағдай жасағанын мысал еткісі келген болуы мүмкін. Алайда ойын жеткізу барысында сөздің салмағын ескермеген.

«Ол “Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…” дегенді айтпақшы болды-ау деймін. Құнекең қайда, сен қайда…» – деп жазды Базарбек Атығаев.

Ол қазақ қоғамында Абайдың атына бұған дейін де түрлі пікір айтылғанын еске салды.

«Біздің қазақта “малға достың малдан басқа мұңы жоқ”, “малдан боғы ғана бөтен” дегендей, талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды», – деді мәдениет қайраткері.

Атығаев Абайдың өз шығармаларындағы сөздерді мысалға алып, қоғам алдында сөйлейтін адамның сөзге жауапкершілікпен қарауы керектігін меңзеді.

«Қуаты күшті нұрлы сөз, қуатын білген абайлар…» – деген Абай сөзін келтірген ол: «Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін», – деп жазды.

Мәдениет қайраткері жазбасының соңында британ саясаткері Бенджамин Дизраэлиге телінетін:

«Вы придете в ужас, когда узнаете, что вами управляют низкие люди» деген сөзді келтіріп: «Осы жағы ғана өте қорқынышты!» – деп түйіндеді.

Осылайша Айдарбек Қожаназаровтың Абайдың қалыптасуында Құнанбайдың дәулетін басты фактор ретінде көрсеткен пікірі мәдениет қайраткері Базарбек Атығаевтың өткір сынына ұласты.

Бұл пікірталас Абайдың ұлы тұлға ретінде қалыптасуындағы Құнанбайдың рөлі, материалдық мүмкіндік пен шығармашылық еркіндіктің арақатынасы, сондай-ақ тарихи тұлғалар туралы сөз айтудың жауапкершілігі мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

Абай Құнанбаев дау Қожаназаров партия пікір саясат
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleӘділетті Қазақстанды бірге қалыптастыру: министр Балаева жастарға сенім артып, оларға көрсетіліп жатқан қолдау жайлы айтты
Next Article Қазақтың шонжары қатын шығармаса керек еді: Қабдеш Жұмаділов «Қан мен тер» романын бағаламаған

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.