Алматыда жас жігітті соққыға жыққан «дөкей» ұсталды. Ол өз бетімен кетііп бара жатқан жүргізушіні жол бермегені үшін ұрып-жыққан. Джипке мініп, баласындай жігітке қол көтерген еркекті полиция қолын қайырып, тергеу изоляторына тықты, деп жазады Muztaumedia.kz.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласында жүргізушілер арасында болған жол жанжалы түсірілген бейнежазбаны анықтады.
Полицияның мәліметінше, жарияланған бейнекадрларда жанжалға қатысушылардың бірі екінші жүргізушіге күш қолданғаны көрінеді.
— Бұл дерек бойынша полиция тарапынан дереу сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында, — делінген хабарламада.


