Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Таксист қазақты талдырған: жол бермеген жүргізушіні ұрып жыққан Вадим Петенов деген «батыр» болып шықты
Оқиғалар

Таксист қазақты талдырған: жол бермеген жүргізушіні ұрып жыққан Вадим Петенов деген «батыр» болып шықты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы13.08.20261 977
Фото: видео скриншот

Алматыда «жол бермеді» деген себеппен жүргізушіні қуып жетіп, соққыға жыққан адамның аты-жөні анықталды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жүргізушілер арасында болған жол жанжалы түсірілген бейнежазба анықталған.

Жарияланған бейнекадрларда жанжалға қатысушылардың бірі екінші жүргізушіге күш қолданғаны көрінеді. Кадрларда ер адамның жүргізушіні бірнеше рет ұрғаны байқалады. Салдарынан жәбірленуші есінен танып қалған.

Полиция бұл факті бойынша дереу сотқа дейінгі тергеу бастаған.

«Күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында», – делінген полиция хабарламасында.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның такси жүргізушісі жол бермегеннен кейін оны қуып жетіп, «есеп айырысуға» шешім қабылдаған.

Сондай-ақ күдіктінің аты-жөні Вадим Петенев екені, оның 59 жастағы жүргізуші екені хабарланды.

Оның әрекетіне қандай құқықтық баға берілетіні жәбірленушіге жүргізілетін сот-медициналық сараптаманың қорытындысына байланысты болады.

Полиция жолдағы кез келген жанжалдың тек заң аясында шешілуі керектігін еске салды. Жол қозғалысына қатысушыларға күш қолдану заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Осы оқиғаға қатысты әлеуметтік желі қолданушылары да түрлі пікір білдіруде. Көпшілік жолдағы болмашы түсініспеушіліктің соңы төбелеске ұласқанына алаңдаушылық білдіріп, жанжал кезінде күш қолдануға жол бермеу керектігін жазды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Шіріген көкөністерді газетке орап лақтырдық»: Сәбит Мұқанов Ахмет Байтұрсынұлының 50 жылдығына неге қарсы шықты?
Next Article Анам қатерлік ісікпен ауырады: Бетпердедегі жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.