Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде
Басты ақпарат

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы18.08.20263 622
Коллаж: muztaumedia.kz

Моңғолияда жергілікті халық пен қазақтардың арасы ушығып барады. Моңғолдар 10 жастағы қызды өлтіріп, егістікке көміп кеткен қазақ жігітінің сұмдық әрекетінен кейін, қос елдің арасындағы ахуал тіптен күрделеніп кетті, деп жазады Muztaumedia.kz.

Ховд аймағында 10 жастағы қыз 14 күн бойы ізделіп, қайғылы жағдайда табылды. Моңғолияның Ховд аймағы, Буянт сұмындарында 10 жастағы қыздың жоғалуына байланысты жүргізілген іздеу жұмыстары қайғылы аяқталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала жоғалғаннан кейін оны іздеуге полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысқан. Құзырлы органдар 14 күн бойы іздеу жұмыстарын жүргізген. Іздеу жұмыстарына 78 адам, екі ат, екі мотоцикл және тоғыз автокөлік қатысқаны хабарланған.

Тергеу барысында қыздың жоғалар алдында көршілерінің балаларымен бірге болғаны анықталған. Полицияға берілген алғашқы түсініктемелер мен кейінгі жауаптардың арасында сәйкессіздік болған соң, қызбен соңғы рет бірге болған көршілер полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізілген.

Тергеу кезінде күдіктінің айтуынша, олар қызбен бірге көкөніс егетін алқапқа барған. Сол жерде қыз тракторға жалғанған жер жыртатын құралдың үстінде ойнап жүріп құлап кеткен. Күдіктінің нұсқасы бойынша, ол қыздың құлағанын байқамай, трактормен жүріп кеткен.

Оқиғадан кейін тракторшы қорқып, болған жағдайды жасыруға тырысқанын айтқан. Күдікті қазақ жігіті қыздың денесін өртеп, кейін көкөніс алқабына көмгенін мәлімдеп, полиция қызметкерлеріне мәйітті жасырған жерді көрсеткен.

Құқық қорғау органдары көрсетілген аумақта тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Қазіргі таңда қыздың өліміне байланысты күдікті қамауға алынған. Ховдтағы оқиға бойынша тергеуге Улан-Батордан келген мамандар да қатысып жатыр. Қылмыстық істің барлық мән-жайы анықталғаннан кейін күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға берілмек.

«Эвий минь…» — қайғыға батқан отбасының жанайқайы

Бұл оқиға Моңғолия қоғамында үлкен резонанс туғызды. 10 жастағы баланың екі аптаға жуық із-түзсіз жоғалып, кейін мәйітінің табылуы — оның ата-анасы мен туған-туыстары үшін орны толмас қайғы деп бағаланып, екі елдің арасын ушықтырып жіберді.  Әлеуметтік желілерде жұртшылық қыздың жоғалуына қатысты сұрақтар қойып, тергеудің барлық мән-жайын ашық әрі әділ анықтауды талап етуде.

Егер күдіктілердің «трактор басып кеткен» деген нұсқасы расталса, олардың оқиғадан кейін мәйітті жасырған әрекеттері де жеке құқықтық бағалауды қажет етеді. Ал сараптама басқа жағдайларды анықтаса, тергеу соған сәйкес жүргізілуі тиіс.

Қайғылы оқиға енді қылмыстық істің шеңберінен шығып, әлеуметтік желілерде моңғолдар мен қазақтар арасындағы этникалық пікірталасқа ұласып барады.

«Неге 14 күн бойы жасырды?» деген сұрақ қоғамды алаңдатты

Іздеу жұмыстарының бірнеше күнге созылуы да қоғамның наразылығын күшейткен. Кейбір қолданушылар «қызды ең соңғы көрген адамдар неге бірден мұқият тексерілмеді?» деген сұрақ қойды. Шын мәнінде, қыз жоғалған алғашқы күндері-ақ оның көршілері туралы ақпарат қоғамда талқылана бастаған.

Сондықтан қазіргі басты сұрақтардың бірі — тергеу кезінде күдіктілердің алғашқы жауаптарындағы қайшылықтар неге бірден толық тексерілмеді?

Қайғы енді этникалық дауға ұласып бара ма?

Оқиғаның ең алаңдатарлық тұстарының бірі — әлеуметтік желідегі пікірлердің бір бөлігінің қылмыстан этникалық мәселеге ауысуы. Кейбір пікірлерде күдіктілердің қазақ екені айтылып, қылмысты тұтас бір этносқа телуге тырысқан пікірлер пайда болған. Мұндай пікірлердің арасында қазақтарға бағытталған өшпенді және кемсітуші сөздер де кездеседі.

Әлеуметтік желілердегі пікірлердің басқа бөлігінде қазақ қолданушылары да қайғысын білдіріп, қыздың өліміне кінәлі адамдар заң алдында жауап беруі керек екенін жазған. Сонымен бірге кейбіреулер қылмысты ұлт мәселесіне айналдырмауға шақырады. Өйткені Ховд аймағында қазақтар мен моңғолдар ондаған жылдар бойы бірге өмір сүріп келеді. Ховд — Моңғолиядағы этникалық құрамы күрделі аймақтардың бірі. Мұнда қазақ, моңғол және басқа да этностардың өкілдері тұрады.

Сондықтан бір қылмыстық істің қоғамдағы этносаралық сенімге әсер ету қаупі бар.

«Қазақтар мен моңғолдардың арасы суып кетті» деуге бола ма?

Дәл осы оқиғаға байланысты әлеуметтік желілерде этникалық сипаттағы пікірлер көбейгені анық көрінеді. Бірақ бұл жағдайды «Моңғолиядағы барлық моңғолдар мен қазақтардың қарым-қатынасы нашарлады» деп жалпылауға негіз болатын әлеуметтік зерттеу немесе ресми статистика әзірге  жоқ. Дегенмен, қарапайым адамдар тұрмақ, этникалық қазақтарға қатаң қарау жайлы депутаттарда мінберден ашық айтуға көшкен.

Ең қауіптісі — қылмысты ұлтқа телу

Бұл оқиға Ховдтағы қазақтар мен моңғолдардың қарым-қатынасына қатысты өте сезімтал кезеңге айналып отыр. Бірақ қылмысты этносқа бөлу — қайғылы оқиғаның үстіне тағы бір үлкен мәселе қосу деген сөз. Қылмыскердің ұлты жоқ. Қылмыс жасаған адам ғана бар.

Егер күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденсе, олар заңға сәйкес жауап беруі керек. Бірақ олардың әрекетін тұтас қазақ халқына телу — әділетсіздік деп санайды жағдайға басу айтып жатқан жұрт.

 

 

 

Бая-Өлке Баян-Улигий Монголия тергеу этникалық қазақтар
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Ішіндегі баласын да түсірген»: Меркіде көз жұмған жас келіншектің құрбысы шындықты айтты
Next Article «Өмірімде қатты сынақ болды»: Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов алғаш болып кете жаздағанын ашық айтты

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026365

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Анкара сапары: Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

30.10.202644
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.