Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»«Өмірімде қатты сынақ болды»: Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов алғаш болып кете жаздағанын ашық айтты
Оқиғалар

«Өмірімде қатты сынақ болды»: Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов алғаш болып кете жаздағанын ашық айтты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы18.08.202644

Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Instagram парақшасында өміріндегі қиын кезең туралы ашық айтты. Спортшы жол апатына қатысты сыннан кейін алкогольге тәуелділік мәселесі барын мойындап, бір ай оңалту орталығында ем қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Елеусіновтің сөзінше, бұл мәселе Олимпиададан кейін басталған. Ол қоғамда мұндай жағдайды мойындаған адамды әлсіз деп қабылдау жиі кездесетінін, алайда тәуелділіктің жай ғана ерік-жігерге байланысты мәселе емес екенін айтты.

«Бәрі мені ішіп алып, жол апатына ұшырадың деп сынап жатыр. Иә, мойындаймын, Олимпиададан кейін алкогольге әуестігім пайда болды. Мұндай жағдайға қалай түскенімді өзім де білмеймін. Бұл күлетін нәрсе емес. Адамдар басына келмеген соң түсінбейді. Кезінде мен де жас кезімде мұндай нәрсеге күлетінмін. Бірақ өмірде біреуді сынаған нәрсең өз басыңа келуі мүмкін», – деді боксшы.

«Мен күресіп жатырмын»

Елеусінов бұл мәселемен күресіп жүргенін және қиындықты ашық мойындаудың өзі маңызды екенін атап өтті.

«Мұндай нәрсені қазақ қоғамында айту қиын. Бірден “ерік-жігерің қайда?” дейді. Ерік-жігерің қанша мықты болса да, өмірде осындай сынақтар болады. Мен әлем чемпионы болдым, Азия ойындарын жеңдім, үлкен жетістіктерге жеттім. Бірақ менің де осындай сынағым бар», – деді ол.

Спортшының айтуынша, әлеуметтік желі мен қоғамда танымал адамдардың өмірі мінсіз көрінгенімен, шын мәнінде олардың да өз қиындықтары болады.

«Қазір бәрі “бізде бәрі керемет” деп көрсеткісі келеді. Бірақ жұлдыздардың да өмірі мінсіз емес. Біз де адамбыз. Менің де қиындықтарым бар», – деді Елеусінов.

Бір ай оңалту орталығында болған

Боксшы бір ай бойы оңалту орталығында ем қабылдап шыққанын да мәлімдеді. Ол спорттағы жетістіктеріне қарамастан, өмірдің басқа сынақтарына дайын болу әрдайым мүмкін емес екенін жеткізді.

«15 жасымда әлем чемпионы болдым, талай жүлде алдым. Бірақ кейін осындай жағдайларға тап болдым. Өмір болған соң сынақ та болады екен. Соңында ең маңыздысы — жақындарыңның амандығы. Әйелің мен балаларың қасыңда болса, соның өзі үлкен бақыт», – деді боксшы.

«Сынағанша, қолдаңыздар»

Елеусінов кәсіби мансабын жалғастырып, қайтадан жоғары деңгейге оралғысы келетінін де айтты. Оның сөзінше, ол Америкаға чемпион болу мақсатымен қайта барған және өзін ешкімнен кем санамайды.

«Мүмкін, мен бәрінен мықты болғым келген шығар. Бәлкім, Головкиннен немесе Шүменовтен мықты емес шығармын. Бірақ “бәрі қолымнан келеді” деген сеніммен Америкаға қайта келдім. Чемпион боламын деген ниетім бар. Сондықтан сынағанша, қолдаңыздар. Қазақтың жігіті чемпион болып жатса, қандай жақсы. Ал бірден жерге түсіре салу оңай», – деді Елеусінов.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде
Next Article «Анашым, басқа амалым болмады»: Алматы облысында мұғалімнен қысым көрген оқушы өзіне қол жұмсады

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.