Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»«Анашым, басқа амалым болмады»: Алматы облысында мұғалімнен қысым көрген оқушы өзіне қол жұмсады
Оқиғалар

«Анашым, басқа амалым болмады»: Алматы облысында мұғалімнен қысым көрген оқушы өзіне қол жұмсады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы20.08.2026817

Алматы облысында 17 жастағы 11-сынып оқушысы Ясмина Ізімжан қаза тапты. Қыздың туыстарының айтуынша, бұған дейін ол 19 жастағы жігітпен қарым-қатынасына байланысты мектеп мұғалімі тарапынан психологиялық қысымға ұшыраған. Отбасы бұл жағдайдың Ясминаның өліміне қатысы бар-жоғын тергеуді талап етіп отыр, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат агенттігі.

 

23 сәуірде Іле ауданындағы Көкқайнар ауылында 17 жастағы Ясмина Ізімжан көз жұмды. Отбасының айтуынша, қайғылы жағдайға дейін қыздың жеке өміріне байланысты жағдай ушығып, оған қысым жасалған. Ясмина 19 жастағы жігітпен қарым-қатынаста болған. Алайда бұл байланысқа жігіттің анасы, сол мектепте сабақ беретін мұғалім құптамаған.

Марқұмның туыстары мұғалім тарапынан қыздың ұлтына қатысты ауыр сөздер айтылғанын мәлімдеп отыр. Бұдан бөлек, Ясминаға ата-анасын мектепке шақырту, әлеуметтік желідегі жарияланымдары үшін сотқа жүгіну сияқты ескертулер жасалған. Туыстарының сөзінше, қыз ақырында жігітпен араласуын тоқтататыны туралы жазбаша қолхат беруге мәжбүр болған.

Қыздың артында ата-анасына арналған қысқа ғана жазба қалған: «Анашым, әкешім, мен сендерді жақсы көремін. Менің басқа амалым болмады”, – деп жазған.

Ясминаның жақындары оның өлімінен кейін Instagram-да «За Ясмину» парақшасын ашқан. Олардың айтуынша, қайғылы оқиғадан бері төрт ай өтсе де, тергеу барысында нақты нәтиже болмаған. Ал отбасы қысым көрсетті деп отырған мұғалім әлі де мектепте жұмыс істеп, балаларға сабақ беріп жүр. Осыған байланысты марқұмның туыстары прокуратура мен Оқу-ағарту министрлігіне жүгініп, істің жан-жақты әрі әділ қаралуын талап еткен.

Ал «Menin mektebim» жекеменшік мектебінің әкімшілігі оқиғаға байланысты құқық қорғау органдарына қажетті ақпарат пен құжаттарды беріп, тергеуге толықтай көмектесіп жатқанын хабарлады. Мектеп өкілдері істің мән-жайы қазір уәкілетті органдардың тергеуінде екенін айтып, ресми шешім шыққанға дейін қосымша түсініктеме беруден бас тартты.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайлары уәкілетті органдардың тергеуінде. Мектеп қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынып жатыр. Тергеу аяқталып, процессуалдық шешім қабылданғанға дейін мектеп әкімшілігі түсініктеме беруден бас тартады. Ресми нәтижелерді күтулеріңізді сұраймыз», — деп хабарлады білім беру мекемесі.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Өмірімде қатты сынақ болды»: Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов алғаш болып кете жаздағанын ашық айтты
Next Article Желтоқсаншылардың сотын түсірген жалғыз фототілші Юрий Беккер қайтыс болды

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.