Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Желтоқсаншылардың сотын түсірген жалғыз фототілші Юрий Беккер қайтыс болды
Жаңалықтар

Желтоқсаншылардың сотын түсірген жалғыз фототілші Юрий Беккер қайтыс болды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы20.08.202615
Фото: Ақпарат және мәдениет министрлігі

Белгілі қазақстандық фототілші Юрий Зельманович Беккер 68 жасында кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Марқұмның қазасына байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі оның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестері мен достарына көңіл айтты.

Ведомство хабарламасында Юрий Беккердің көп жылын журналистикаға және Қазақстанның фотошежіресін қалыптастыруға арнағаны атап өтілді. Оның объективіне елдің қоғамдық, саяси және мәдени өміріндегі маңызды оқиғалармен қатар, мемлекет қайраткерлері, еңбек адамдары және қарапайым азаматтар да түскен.

«Оның фотосуреттері өз дәуірінің адамдары мен оқиғаларын болашақ ұрпаққа жеткізетін Қазақстанның заманауи тарихының бір бөлігіне айналды», — делінген министрлік хабарламасында.

Фототілшінің кәсіби қызметінің едәуір бөлігі «Казахстанская правда» газетімен байланысты болды. Ол соңғы күндеріне дейін редакцияда еңбек етіп, журналистикадағы кәсібіне адалдығын сақтаған.

Әріптестері Юрий Беккерді талантты фотожурналист, жауапкершілігі жоғары, принципшіл әрі өз ісінің кәсіби маманы ретінде еске алды.

Айта кетейік, Юрий Беккер 1987 жылы желтоқсанда Қайрат Рысқұлбеков, Түгелбай Тәшенов, Жамбыл Тайжұмаев және Ертай Көпесбаевқа қатысты сот процесінде фототілші ретінде жұмыс істеген. Ол сот залында желтоқсаншыларды суретке түсіріп, кейін тарихи кадрға айналған төрт азаматтың басын тік көтеріп отырған сәтін таспаға түсірген.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Анашым, басқа амалым болмады»: Алматы облысында мұғалімнен қысым көрген оқушы өзіне қол жұмсады
Next Article «Дарақылық қой»: Алтынай Жорабаева қызына 100 миллионға жасау алған (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026394

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.