Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»826 адам жоғалған: Непал мен Тибеттегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 353-ке жетті
Оқиғалар

826 адам жоғалған: Непал мен Тибеттегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 353-ке жетті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы28.08.20261
Фото: Euronews.com

Непал мен Тибет шекарасындағы жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 353 адамға жетті. Тағы 1,3 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды деп хабарлайды The Associated Press-ке сілтеме жасаған Muztaumedia.kz.

Құтқарушылар Непал мен Қытай шекарасы бойында іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Табиғи апат Гималайдағы мұздықтың бұзылуынан кейін болған. Су мен лай араласқан жойқын ағын бірнеше елді мекенді басып, жолындағы ғимараттарды, көпірлер мен көліктерді шайып кеткен.

Биліктің мәліметінше, Непалда 826 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Су тасқыны салдарынан ондаған көпір қирап, шамамен 40 шақырым жол бүлінген. Бұл құтқару жұмыстарын айтарлықтай қиындатты.

Непал әскері тікұшақтардың көмегімен 100-ден астам адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін Катмандуға жеткізіліп жатыр.

Кемінде үш ауылдың 1,2 мыңға жуық тұрғыны үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Құтқарушылар қаза тапқандардың денелерін Тришули өзенінің төменгі ағысынан да тапқан.

Қытайдың Тибет автономиялық ауданында лай көшкінінен кемінде үш адам қаза тауып, тағы 558 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Джиронг шекара бекетінің маңындағы аудан әсіресе қатты зардап шекті. Қытайдың CCTV телеарнасының мәліметінше, кей жерлерде лай қабатының қалыңдығы 1,5 метрден асқан. Шекара бекетіне апаратын жолдар бүлінген.

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цян құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін Джиронгқа барды. Операцияға 500-ге жуық әскери қызметкер мен әскерилендірілген құрылымдардың өкілдері жұмылдырылған.

Толассыз жауған жаңбырға байланысты билік жаңа көшкіндер мен қайталама опырылулар болуы мүмкін деп қауіптеніп отыр.

БҰҰ медициналық көмек көрсетуге, халықты сумен және уақытша баспанамен қамтамасыз етуге Төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі орталық қордан 2 млн доллар бөлді.

Непалдың туризм басқармасының мәліметінше, із-түзсіз жоғалғандар арасында 517 шетелдік бар. Олардың ішінде Үндістанның 178 азаматы, АҚШ-тың 60-тан астам азаматы, сондай-ақ 30-дан астам елден келген туристер мен қажылар бар.

Үндістанның Сыртқы істер министрлігі елдің 288 азаматы із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Қытай билігі Непалда ҚХР-дың 100-ге жуық азаматы да із-түзсіз жоғалғандар қатарында екенін мәлімдеді.

Адамдардың бір бөлігі индуистер мен буддистер үшін қасиетті саналатын Кайлас тауы маңында болуы мүмкін деген болжам бар.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Әйел саған құл емес!»: Динара Сәтжан ұлына ақыл айтты (ВИДЕО)
Next Article 55 жылын халықтың мәселесіне арнаған: танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026394

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.