Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»1400 адам із-түзсіз жоғалған: Непалдағы су тасқыны құрбандарының саны 359-ға жетті
Оқиғалар

1400 адам із-түзсіз жоғалған: Непалдағы су тасқыны құрбандарының саны 359-ға жетті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы28.08.202613
Фото: Reuters

Непалдағы жойқын су тасқынынан қаза болғандар саны 359 адамға жетті. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, жүздеген адам, оның ішінде шетелдік туристер мен қажылар әлі де хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Апат 26 тамызда Непал мен Қытай шекарасындағы Гималай аймағында мұздықтың опырылуынан кейін болған. Су, мұз, лай мен тас араласқан жойқын ағын аңғарлар мен елді мекендерді басып өтіп, үйлерді, жолдар мен көпірлерді және басқа да инфрақұрылым нысандарын қиратып кеткен.

Соңғы мәлімет бойынша, Непалда кемінде 359 адам қаза тапқан. Тибетте тағы үш адам көз жұмды. Непал мен Қытайда 1,4 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Олардың арасында ондаған елден келген туристер мен қажылар бар.

Көптеген шетелдік азаматтар Непал арқылы Тибеттегі индуизм мен буддизм діндерін ұстанушылар үшін қасиетті орындардың бірі саналатын Кайлаш тауына бет алған. Су тасқыны шекарадағы Гиронг өткізу пункті орналасқан аумаққа да зиян келтірді.

Құтқару қызметтері хабар-ошарсыз кеткендерді іздеп жатыр. Қираған жолдар мен көпірлер, сондай-ақ таулы жердің қолжетімсіз болуы жұмыстарды қиындатып отыр. Адамдарды эвакуациялау және гуманитарлық көмек жеткізу үшін тікұшақтар тартылған.

Бастапқыда табиғи апатқа жер сілкінісі себеп болуы мүмкін деген болжам айтылған. Алайда АҚШ Геологиялық қызметі тіркелген сейсмикалық сигнал жер сілкінісінен емес, мұздықтың опырылуы мен одан кейінгі лай көшкінінен туындаған деген қорытындыға келген.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕкеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті
Next Article Қазақстан Үкіметі өкілеттігін тоқтатты

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026396

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202616

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.