Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Аймақ»Қызғылт қоқиқаздарды қызықтау: Ақмола облысында «Flamingo Fest» фестивалі өтеді
Аймақ

Қызғылт қоқиқаздарды қызықтау: Ақмола облысында «Flamingo Fest» фестивалі өтеді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы29.08.202650
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Алдағы сенбі, яғ,ри 5-қыркүйекте Қорғалжын ауданында дәстүрлі әрі ірі мәдени-туристік «Flamingo Fest» фестивалі өтеді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Фестивальдің басты тақырыбы – өңірдің бірегей табиғатын мәдениетпен, ұлттық өнермен және салт-дәстүрмен сабақтастыру.

Қорғалжын өңірі көлдері мен бай биоалуантүрлілігімен танымал. Оның басты табиғи көрікті жерлерінің бірі – өңірдің өзіндік визиттік карточкасына айналған қызғылт қоқиқаздар. Дәл осы қоқиқаз фестивальдің символы ретінде таңдалып, табиғат сұлулығы, үйлесім және қоршаған ортаға ұқыпты қарау тақырыптарын біріктіреді.

Фестиваль қонақтары өңірдің көрікті жерлерімен таныса алады. Мәдени бағдарлама аясында фольклорлық және би ұжымдарының өнер көрсетуі, дәстүрлі музыка, гала-концерт, этноауыл және ұлттық ойындар ұйымдастырылады.

Жеке алаң халық шығармашылығына арналады. Қолөнер шеберлері өз туындыларын көрме-жәрмеңкеде ұсынса, суретшілер «Flamingo Art» облыстық байқауына қатысады. Суреттер мен шеберлердің қолөнер бұйымдары арқылы қонақтар өңірдің табиғаты мен мәдени ерекшеліктерін шығармашылық қырынан танып-біледі.

Фестивальдің маңызды бөлігі – экологиялық бағдарлама. Қатысушылар үшін Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне, оның мекендеушілеріне және табиғатты қорғау мәселелеріне арналған танымдық іс-шаралар мен акциялар ұйымдастырылады.

Осылайша, фестиваль мәдени және экологиялық бағыттарды тоғыстырып, табиғи мұраға жауапкершілікпен қарауға назар аударады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Flamingo Fest» фестиваліне Ақмола облысының тұрғындарымен қатар, Қазақстанның басқа өңірлерінен келген туристер мен шетелдік қонақтар да қатысады.

Фестивальді өткізу – табиғи көрікті жерлер мен ұлттық мәдениет, сондай-ақ заманауи демалыс форматтары үйлесім тапқан туристік бағыт ретінде Қорғалжынды танытудың тағы бір мүмкіндігі.

Биыл екінші рет өткізіліп отырған «Flamingo Fest» фестивалін Ақмола облысының танымал мәдени-туристік бренді ретінде одан әрі дамыту жоспарлануда. Ұйымдастырушылар жоба туристерді тартуға, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыруға және Қорғалжын өңірінің табиғи мұрасын Қазақстанда және шетелде кеңінен танытуға ықпал етеді деп күтеді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Мейрамбектің алып бара жатқан вокалы жоқ»: Дастан Оразбековтің сөзі ел арасында қызу талқыланды (ВИДЕО)
Next Article Рекорд: Қарағандыдағы Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды

Оқи отырыңыз...

Астанада күзгі экологиялық акцияға 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11.10.20262

Сал-серілер өлкесіндегі өнерпаздар жиыны: Көкшетауда мәдени апта өтеді

08.10.20265

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20263
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026312

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.