Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Аймақ»Ақмола облысының мемлекеттік органдарына 125 мыңнан астам өтініш түскен
Аймақ

Ақмола облысының мемлекеттік органдарына 125 мыңнан астам өтініш түскен

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы01.09.20265

Биыл жеті айда Ақмола облысының әкімшілік органдарына 125 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 90 пайыздан астамы «e-Otinish» жүйесі арқылы электронды форматта жолданған, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған Muztaumedia.kz.

Өтініштерді есепке алу саласындағы жұмыстың негізгі көрсеткіштері туралы брифингте ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің басшысы Ләззат Құдабаева айтып берді.

Өтініштердің басым бөлігі жеке тұлғалардан түскен – шамамен 104 мың. Өңір тұрғындары көбіне жер қатынастары, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сот жүйесі және құрылыс мәселелерін көтерген.

«Өтініштер халықты алаңдатқан мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешу үшін қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Оларды сапалы әрі объективті қарау мемлекеттік органдарға деген азаматтардың сеніміне тікелей әсер етеді», – деді Ләззат Құдабаева.

Есепті кезеңде шамамен 85 мың өтініш қаралған, тағы 31 мыңға жуық өтініш құзыретіне сәйкес басқа мемлекеттік органдарға жолданған.

Бүгінде азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізу үдерісі цифрлық форматқа белсенді түрде көшуде. Жеті айда «e-Otinish» жүйесі арқылы 115 мыңға жуық өтініш түскен. Жүйе азаматтарға өтініштерді онлайн жолдауға, олардың қаралу барысын бақылауға және қажет болған жағдайда қабылданған шешімге шағымдануға мүмкіндік береді.

«Бүгінде азаматтардың өтініштері халықты толғандыратын мәселелер туралы маңызды ақпарат көзі болып отыр. Бұл деректерді талдау жүйелі сипаттағы мәселелерді анықтап, қажетті басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар цифрлық платформа одан әрі жетілдіріліп келеді. Жүйеде өтініштерді автоматты түрде талдау үшін жасанды интеллект элементтері енгізілуде. Қауіп-қатерлерді анықтауға арналған аналитикалық жасанды интеллект моделі қазірдің өзінде білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары, жолдардың сапасы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау сияқты алты саланы қамтиды.

«Жаңа технологияларды пайдалану проблемалық мәселелерді жедел анықтап, мемлекеттік органдардың күш-жігерін оларды шешуге бағыттауға мүмкіндік береді», – деп қорытындылады Ләззат Құдабаева.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Арманда, ізден, ең бастысы, өзіңе сен!»: Жұлдыз Сүлейменова оқушыларға ерекше тілегін арнады (ВИДЕО)
Next Article «Түнде тіземнен ұстай бастады»: пойызда 65 жастағы зейнеткер жас қызға тисіп, құмарын қандырмақ болған

Оқи отырыңыз...

Астанада күзгі экологиялық акцияға 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11.10.20262

Сал-серілер өлкесіндегі өнерпаздар жиыны: Көкшетауда мәдени апта өтеді

08.10.20265

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20263
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026312

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.