Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Ақтөбе облысында екі жұмысшыны күйік шалып, жансақтау бөліміне түсті
Жаңалықтар

Ақтөбе облысында екі жұмысшыны күйік шалып, жансақтау бөліміне түсті

НұрланНұрлан16.10.20263
Фото: видео скриншот

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында бензин құю кезінде өрт шығып, «ҚТЖ»-ның екі жұмысшысы ауыр күйікпен жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Оқиға 13 қазанда Қорғаныш орман екпелері дистанциясының өндірістік учаскесінде болған. Жұмысшылар 200 литрлік бөшкеде қалған АИ-92 бензинін басқа ыдысқа құйып жатқанда, кенеттен өрт шыққан. Екеуі де түрлі дәрежеде күйік алған.

Зардап шеккендердің бірі Жұбандық Дүйсенбаевтың денесінің 80 пайызы күйген. Қызы Алмагүл Қасымованың айтуынша, отбасы оқиға туралы бірнеше сағаттан кейін ғана білген. Ол әкесінің жүргізуші болып жұмыс істейтінін айтып, бензин құю тапсырмасы оның міндетіне кірмейтінін жеткізді.

«Қазір әкем өмірі үшін күрес жүріп жатыр. Бүкіл отбасымыз оның сауығып кетуін тілеп, дұға етіп отырмыз. Бізде басшылыққа қоятын сұрақ көп. Адам өміріне қауіп төнетін нысанда неге қажетті қауіпсіздік шаралары сақталмаған? Неге жүргізуші болып жұмыс істейтін әкем бензин құюға тиіс болған? Бұл жұмыс оның тікелей лауазымдық міндеттеріне кірмейді. Оған бұл тапсырманы кім берген? Қызметкерлерге берілетін тапсырмалардың заңдылығы мен қауіпсіздігі тексерілуі керек деп санаймыз», – деді зардап шеккен жұмысшының қызы Алмагүл Қасымова.

Қазір екі жұмысшы да Шалқар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, тергеу басталды. Он жұмыс күні ішінде өрттің себептері мен еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тексеріледі.

Ақтөбе
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАса ірі көлемдегі алаяқтық – Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды
Next Article Бес айлық сәби көз жұмды: Қызылордада әйел мен баласын көлік қағып кетті

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.