Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Аса ірі көлемдегі алаяқтық – Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды
Жаңалықтар

Аса ірі көлемдегі алаяқтық – Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды

НұрланНұрлан16.10.2026256
Фото: әлеуметтік желі

Алматыда «ҚазТрансГаз» басшысының бұрынғы кеңесшісі Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды. Ол бірқатар қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірден бірнеше бабы (190, 218, 188, 340 және 274-баптар) бойынша қаралып жатыр, деп хабарлайды Muztaumedia.kz .

Тергеушілердің пайымдауынша, Боқаев сыбайластарымен бірге ірі көлемдегі алаяқтық схемасын жүзеге асырған. Сондай-ақ ол осы жолмен алынған қаражатты заңдастырды деген күдікке ілінген. Атап айтқанда, заңсыз табыстың қайдан келгенін жасыру үшін қаражат түрлі қаржылық операциялар арқылы өткізілген.

Бұдан бөлек, тергеудің мәліметіне сәйкес, Боқаев гранит тақталарды ұрлау мен Баума тоғайындағы ағаштарды заңсыз кесуге бастамашы болып, бұл әрекеттерді ұйымдастырған. Ол сыбайластарымен бірге аталған қылмыстарды бейнекамера алдында әдейі сахналап, кейін жалған бейнероликтерді әлеуметтік желілерде жариялаған.

Еске сала кетейік, Санжар Боқаев 2026 жылдың наурыз айында Алматыда ұсталған болатын. «Нұр Отанның» бұрынғы идеологымен бірге оның жиені Мадияр Қалменов пен жеке мобилографы Ұлан Нүсіпқожа да сот алдында жауап беруде. Тергеу деректеріне сәйкес, Боқаев мемлекеттің қатысуы бар компанияларда қызмет атқарған кезеңде Қалменов қаражатты заңсыз шығаруға көмектескен. Ал Нүсіпқожа мемлекеттік мүлікті ұрлауды ұйымдастыруға атсалысып, ағаштарды заңсыз кесу әрекетін қоса алғанда, алдын ала ұйымдастырылған осы қылмыстардың барлығын бейнекамераға түсірген.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Түнде ашық қалдың ба»: Қайрат Әділгерей хиджабтағы әйелді келеке қылды
Next Article Ақтөбе облысында екі жұмысшыны күйік шалып, жансақтау бөліміне түсті

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.