Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Алматы облысында халықаралық дрифт додасы өтті
Жаңалықтар

Алматы облысында халықаралық дрифт додасы өтті

НұрланНұрлан28.09.202610
Фото: gov.kz

Алматы облысындағы Sokol International Circuit автодромында Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылған FIA Central Asia Drifting Cup 2026 дрифт жарысы өтті. Халықаралық додаға Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан және Ресейден келген 20 автошабандоз  қатысты. Бұл жарысты Қазақстанның Автомотоспорт федерациясы мен Қырғызстанның Автомотоспорт және жол қауіпсіздігі федерациясы бірлесіп ұйымдастырды, деп жазады Muztaumedia.kz.

Үш күнге созылған додада пилоттар барын салды. Жарыс ережесі бойынша автошабандоздар жоғары жылдамдықпен жүйіткіп келіп,  бұрылыстарды дәл бағындыруы тиіс. Алдымен іріктеу кезеңінен өткен кіл мықтылар, кейін жұптық бәсекеде бақсынасты.
Ал, жарыс алаңындағы жанкүйерлер шабандоздардың шеберлігін тамашалап, дөңгелектен шыққан көк түтін мен құлақ тұндырар көлік үнінен керемет әсер алды.  Тіпті жиналған жұрт дрифт көліктерін жақыннан көріп, пилоттармен тілдесіп, қолтаңба алды. Ал автодром аспанында Қазақстан, Қырғызстан және FIA туын ұстаған парашютшілер өнер көрсетті.
Халықаралық шараның ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев қатысып, автошабандоздарға сәттілік тіледі.  Сондай-ақ FIA-ның алғашқы аймақтық дрифт Кубогының Қазақстанда өтуі еліміз үшін ғана емес, Орталық Азиядағы автоспорттың дамуы үшін де маңызды екенін атап өтті.

“Автоспорттан халықаралық деңгейдегі жарысты Алматы облысында ұйымдастыру –  біз үшін үлкен жауапкершілік әрі жаңа тәжірибе. Өңірде спорттық инфрақұрылымды дамытуға, халықаралық жарыстар өткізуге және бұқаралық спортты қолдауға ерекше мән беріледі. Бүгінгі дода – тек спорттық бәсеке ғана емес. Бұл – Орталық Азия елдерінің спортшыларын тоғыстырып, тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті шыңдауға және өңірдегі автоспорт мәдениетін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды дода”,-деді Ғани Майлыбаев.

Ал FIA Дрифт комиссиясының төрағасы, жапониялық Коичи Мурата жарысты ұйымдастыруға атсалысқан Қазақстан мен Қырғызстанның автомотоспорт федерацияларына, Sokol International Circuit командасына және мамандарға алғыс білдірді.

Жарыстың ең тартысты сәті финалда болды. Дрифт кезінде қазақстандық пилот Олег Хридочкин мінген көліктің рөлінің гидравликалық күшейткіші (ГУР) істен шықты. Ереже бойынша төрешілер ақауды қалпына келтіруге бес минут қана уақыт берді. Бірақ механиктер оны жөндеп үлгерген жоқ. Соған қарамастан Хридочкин жарыс жолына шығып, халықаралық доданың бас жүлдесін жеңіп алды.

Көлігімнің рөлі істен шыққан соң, жеңіске жетемін деген ой болған жоқ. Бас жүлде қарсыласым Михаилға бұйыратынына сенімді болдым, оны тіпті жеңісімен құттықтап қойдым. Бірақ төрешілер екі жарыстың қорытындысын ескере отырып, бірінші орынды маған берді. Шынымды айтсам, қара күштің арқасында ұттым», – деді Олег Хридочкин.
Осылайша FIA Central Asia Drifting Cup 2026 жарысының бас жүлдесін Nissan 200SX көлігін тізгіндеген Олег Хридочкин иеленді. Екінші орынды Nissan 350Z көлігімен Михаил Пак, үшінші орынды Nissan 200SX көлігімен Александр Бочкарев алды.

Үш жүлдегер де – Қазақстан пилоттары. Жеңімпазға – 6,5 млн теңге, екінші орын иегеріне – 4,5 млн теңге, үшінші орын алған пилотқа – 3,5 млн теңге ақшалай сыйақы табысталды.

Бұл жарыс Орталық Азия елдерінің пилоттарына FIA Кубогы аясында бақ сынауға мүмкіндік берді. Ал, жарыс ұйымдастырушылары, төрешілер мен техникалық мамандар халықаралық деңгейдегі доданы жоғары деңгейде өткізіп, мол тәжірибе жинады.

Алматы Алматы жастары
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Неге намысқа беріліп секірдің, досым?..»: қайғылы оқиғадан қаза тапқан аға лейтенантты досы жоқтады
Next Article «Біз үшін өліп пе»: Каспийде қаза тапқан сарбаздарға қатысты балағат сөз айтқан ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026730

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026199

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026159

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202622

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.