Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Алматы облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ананы алқабилер ақтады
Оқиғалар

Алматы облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ананы алқабилер ақтады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы13.08.202636
Фото: © istockphoto.com

Алматы облысының соты күйеуін өлтірді деп айыпталған төрт баланың анасын ақтады. Іс бойынша шешімді алқабилер шығарды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға мамыр айында Шеңгелді ауылында болған. Іс материалдарына сәйкес, ерлі-зайыптының арасында жанжал шығып, сол кезде әйел күйеуінің жүрек тұсына асүй пышағын сұғып алған. Ер адам алған жарақатынан көз жұмған.

Әйелге адам өлтірді деген айып тағылды. Сот процесі жүріп жатқан уақытта ол қамауда болып, бесінші баласын күтіп жүрген. Нәтижесінде алқабилер сотталушыны кінәсіз деп таныды.

Адвокат Ғалым Нұрпейісов ақтау үкімі өзі үшін күтпеген шешім болғанын айтты. Оның пікірінше, алқабилердің шешіміне сотталушының отбасылық өміріндегі жағдайлар әсер еткен.

«Әрине, ақтау үкімі шығады деп күтпедім. Меніңше, бұған қоғамның қазір отбасындағы зорлық-зомбылықтың кез келген түрін үзілді-кесілді қабылдамайтыны себеп болды. Алқабилер біздің қорғауымыздағы әйелдің қандай қорқынышты жағдайда, қандай тозақта өмір сүргенін көрді», – деді адвокат.

Ерлі-зайыпты 16 жыл бірге тұрып, төрт бала тәрбиелеген. Сотта әйел ұзақ жылдар бойы күйеуінің тарапынан зорлық-зомбылық көргенін айтқан.

Марқұмның туыстары сотталушының ақталуымен келіспеді. Олар отбасында зорлық-зомбылық болмағанын айтып, сот үкіміне шағымдануға ниетті.

«Ана ретінде маған өте ауыр. Жалғыз ұлым менің тірегім еді. Ол өзі қаза тапқан үйдің иесі болды. Біз сот үкімімен келіспейміз», – деді марқұмның анасы Әсем Рысқұлова.

Оның айтуынша, отбасы ақтау үкімін апелляциялық сатыда қайта қаратуға ниетті.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleПрезидент бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
Next Article Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін атып өлтірді

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.