Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін атып өлтірді
Жаңалықтар

Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін атып өлтірді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы13.08.202689
Фото: Pixabay

Қостанай қаласының тұрғыны бұрынғы әйелін аңшылық карабинмен атып өлтіргені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметінше, оқиға 2026 жылғы наурызда болған. Ер адам бұрынғы жұбайымен қызғаныштан туындаған жанжал кезінде оны өлтіру мақсатында аңшылық карабиннен екі рет оқ атқан.

Оқ әйелдің басы мен кеуде тұсына тиген. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Қылмыс жасағаннан кейін сотталушы оқиға орнынан кетіп қалған. Кейін полицияға өз еркімен келіп, кінәсін мойындаған.

Сот отырысында прокурор сотталушыны 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал жәбірленуші тарап оған ең жоғары жаза тағайындауды өтінді.

Сотталушы кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты. Бұл жайттар жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. Сот ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.

– Сот ер адамды адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сонымен қатар сот жәбірленуші тараптың азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, моральдық зиянды өтеу туралы шешім шығарды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ, – делінген сот таратқан хабарламада.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАлматы облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ананы алқабилер ақтады
Next Article Жолдағы ажал: Көкшетау-Атбасар тас жолындағы апаттан төрт адам қаза тапты

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026371

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.