Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Алматыда ішкі істер министрлігінің оқу орнына жаңадан қабылданған курсанттар ант қабылдады
Жаңалықтар

Алматыда ішкі істер министрлігінің оқу орнына жаңадан қабылданған курсанттар ант қабылдады

НұрланНұрлан02.10.20265
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында бірінші курс курсанттарының Ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Биыл Академияға қабылданған 300-ден астам курсант ішкі істер органдарында қызмет етуге алғашқы қадам жасады.

Салтанатты рәсімге ІІМ-нің басшылығы, Генералдар кеңесінің толық құрамы, құқық қорғау органдарының ардақты ардагерлері, Академияның басшылығы мен жеке құрамы, ата-аналар және курсанттардың жақындары қатысты.

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Оның алдында бірнеше апта бойы бірінші курс курсанттары оқу-далалық жиыннан өтіп, күн тәртібіне бейімделді, дене шынықтыру және саптық дайындықтан, тактикалық сабақтардан өтті. Бұл кезең олардың Академиядағы алғашқы оқу жылына бейімделуіне мүмкіндік берді.

Ант қабылдау кезінде курсанттар Қазақстан Республикасына адал болуға, Конституция мен заң талаптарын сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және ішкі істер органдары қызметкерінің міндеттерін абыроймен атқаруға салтанатты түрде ант берді.

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Сала ардагерлері мен Академия басшысы осы айтулы күнмен құттықтап, олардың таңдаған мамандығына жауапкершілікпен қарауының маңызын атап өтті.

«Бүгін сіздер қызмет жолдарыңыздағы маңызды белестен өттіңіздер. Ант – үлкен жауапкершілік. Оны күнделікті еңбектеріңізбен, тәртіптеріңізбен және қызметке деген адалдықтарыңызбен дәлелдеулеріңіз қажет», – деді Академия бастығы полиция полковнигі Қалижан Қобландин жаңа курсанттарға үндеу жасай отырып.

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Курсанттар үшін бұл күн ата-аналары мен жақындары үшін де ерекше мәнге ие болды. Балаларының ант қабылдағанына куә болған ата-аналар жас курсанттарға ақ тілектерін білдірді.
Ал бүгінгі сапта тұрған жас курсанттар үшін алда бірнеше жылдық оқу, кәсіби дайындық және болашақ қызметке қалыптасу кезеңі тұр.

Ант қабылдау рәсімі осылайша курсанттардың ішкі істер органдарындағы болашақ қызметіне бастар жолындағы маңызды белеске айналды.

ант қабылдады сарбаздар
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Қияметте жауап бересіңдер!»: әбден шыдамы таусылған әнші Ердос Қанаев қарғысты аямады
Next Article Алматыда қызметін асыра пайдаланған жеке сот орындаушысы сотталды — прокуратура

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20264

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20264

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026682

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202611

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026168

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026146

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202620

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.