Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Түймебаев қиратты: Алматыдағы студенттер сарайы құлатылды
Жаңалықтар

Түймебаев қиратты: Алматыдағы студенттер сарайы құлатылды

НұрланНұрлан24.09.202617
Фото: видеодан кадр

Алматыда Студенттер сарайының ғимараты опырылды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Бұл туралы журналист Жарас Ниязбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Түймебаев басқаратын Қазұу ұжымы тарихи ғимаратты қиратып тынды. Ремонт деді, анау деді, мынау деді, сонымен Студенттер сарайы жоқ енді. 23-інен 24-іне қараған түні сарайдың төбесі ортасына түсті. Адамдар аман шығар. 2006 жылы студент кезімде осында жұмыс істеп алғашқы еңбекақымды алып едім. Біз үшін аяулы, ыстық мекен еді. Сахнасында талай концерт жүргізіп, қойылым қойдық. Жастық шақтың ең бір есте қалар күндері сонда өтті. Мына көріністі көру өте ауыр болды. 1989 жылы бой көтерген ғимарат әлі ескіре қойған жоқ еді. Қай данышпанның басына жөндеу туралы ой келгенін қайдам, бірақ ең бір сәтсіз шешім (сыпайы айтқанда). Жөндеуге бастамашы болған, ұсыныс жасаған — университет. Тапсырыс беруші — Ғылым министрлігі. Мақұлдап, рұқсат берген — Алматы әкімдігі. 2021 жылдың наурыз айында тарихи-мәдени нысан ретінде мемлекеттік тізімге енген еді, деп жазды журналист.

Бұл жағдайға қатысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады. Оқу орны Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайын реконструкциялауға қатысты келесіні хабарлады:

Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының құрылысы 1985 жылы басталып, 1998 жылы аяқталды. Бұл нысан ұзаққа созылған құрылыс қатарына жатады, ал құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңі шаруашылық тәсілмен атқарылды.

Шамамен 30 жылға жуық уақыт бойы қолданыста болған ғимаратқа күрделі жөндеу де, реконструкция да жүргізілмеген. Бұл өз кезегінде құрылыс конструкциялары мен инженерлік жүйелердің табиғи әрі айқын тозуына әкеп соқтырды. Университет пайдаланушы ұйым ретінде ғимараттың техникалық жай-күйін барлық кезең бойы бақылауда ұстап, оның конструктивтік элементтерінің нашарлай бастағанын тіркеп отырды. Осыған байланысты тіреуіш және қоршау конструкцияларына кешенді техникалық зерттеу жүргізу қажеттігі туындады.

2023 жылы аккредиттелген ұйым ғимараттың техникалық жай-күйіне сараптамалық тексеру жасады. Оның нәтижелері бойынша төмендегідей айтарлықтай ақаулар мен зақымдар анықталды:

1. Темірбетон ригельдерінің бір бөлігінің жоқтығы және конструкциялардың ашық қалған учаскелерінің болуы;

2. Жертөле қабатында темірбетон қабырғалардың болмауы;

3. Түйіскен жерлеріндегі бағандардың коррозияға ұшырауы және ішінара бұзылуы;

4. Құрама темірбетон бағандардың түйіскен жерлерінде қисаюы;

5. Бірінші қабаттан шығатын тұстарда екінші қабатта темірбетон бағандардың болмауы;

6. Ригельдердің бағандармен жалғанатын түйіндерінің бұзылуы, соның салдарынан ригельдер бір-бірімен тірек элементтерінсіз жалғанған;

7. Ғимараттың бірінші қабатының оңтүстік және солтүстік бөліктерінде темірбетон ригельдерінің иіліп қалуы;

8. Кеңістігі топырақпен толтырылған жертөле бөлмесінде темірбетон қабырғалардың болмауы;

9. Қасбеттің (фасадтың) жылу оқшаулау қабатының толық бұзылуы және «суық көпірлерінің» пайда болуы, бұл ғимараттың жылу сақтау қасиетінің жоғалуына әкеп соқтырды;

10.Шатырдың металл конструкцияларының, соның ішінде ғимараттың қасбет бөлігі астындағы элементтердің коррозияға ұшырауы және жергілікті деформациялар.

Жоғарыдағы деректер Студенттер сарайының басынан құрылыс нормалары мен ережелері талаптарын өрескел бұза отырып пайдалануға берілгенін көрсетіп отыр. Ең бастысы, ішкі әрлеу жұмыстарын бөлшектемейінше, мұндай күрделі ақауларды көзбен көріп анықтау мүмкін емес.

Қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес, ғимараттарға ағымдағы жөндеу әр 3-5 жыл сайын, ал күрделі жөндеу 20-25 жылда кемінде бір рет жүргізілуі тиіс.

Бұдан бөлек, 2024 жылдың қаңтар айында Алматы мен оған іргелес аймақта әртүрлі қарқындылықтағы бірнеше жер сілкінісі тіркелді. Сейсмикалық белсенділік ұзақ уақыт бойы пайдаланылған және зақымдары анықталған ғимараттардың конструкцияларына қосымша әсер етуі мүмкін. Бұл жағдай Студенттер сарайының сейсмикалық төзімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді реконструкция жүргізу қажеттілігін одан әрі күшейте түседі.

Университет Студенттер сарайының тарихи-мәдени құндылығын, оның қоғамдық орталық және мәдени-көпшілік шараларды өткізетін алаң ретіндегі маңыздылығын терең түсіне отырып, бұл нысанды сақтап қалу және қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.

Реконструкция барысындағы басты басымдық ретінде ғимараттың конструктиивтік сенімділігін, сондай-ақ студенттер, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етілуі белгіленді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады және тиісті зерттеу нәтижелері мен алдағы шешімдер туралы ақпарат беріп отырады.

Алматы журналист студенттер сарайы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТүркістан облысында қытайлар неге заңсыз жұмыс істеп жүр?
Next Article Сәтбаев университетінің проректоры ұсталды

Оқи отырыңыз...

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20263

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20263

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20265

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20261

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026886

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202615

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.