Алматыда Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің проректоры Ержан Күлдеев ұсталды. Ол сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды.
Ержан Күлдеев — бұған дейін Политех деп аталған Satbayev University-дің танымал өкілдерінің бірі. Ол шамамен 40 жыл бұрын аталған оқу орнына студент болып түсіп, кейін университетте жұмысын жалғастырған. Ұстаздық қызметтен бастап, корпоративтік басқару және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор лауазымына дейін көтерілген.
Күлдеев — техника ғылымдарының кандидаты, профессор және академик. Сондай-ақ әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халықаралық инженерлік академияның корреспондент-мүшесі.
Михаил Козачковтың мәліметінше, 7 қыркүйектен бастап Ержан Күлдеев қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған. Оның әрекеті алдын ала пара беру ретінде сараланған. Тергеуді ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр. Кейін іс бойынша өзге де баптар қосылуы мүмкін.
Айта кетейік, 2026 жылдың сәуірінде Ержан Күлдеев ғылым саласындағы елеулі жетістіктері мен жоғары білімді дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.


