Каспий теңізінде өткен «Хазар Қорғаны – 2026» әскери оқу-жаттығуы кезінде болған қайғылы оқиға елді есеңгіретті. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген 14 әскери қызметші қаза тапты. Олардың қатарында Жаңаөзен қаласының тумасы, матрос Олжас Диханбаев та бар, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Олжас Тәжібайұлы 2005 жылдың 14 қаңтарында дүниеге келген. 21 жасқа қараған шағында әскери қызметін аяқтап, туған үйіне оралуына санаулы күн қалғанда қайғылы жағдайға ұшырады.
Жас сарбаздың қазасы туған-туыстары мен жақындарына ауыр тиіп отыр. Оның артында қара жамылып, ұлын жоқтаған анасы мен жақындары қалды.
