Ақтауда Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаз Сержан Аяпбергенді ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Сержанның әскери қызметін аяқтап, отбасына оралуына санаулы күн ғана қалған. Алайда ол туған-туыстарына қаралы хабармен оралды.

Марқұм спортпен де белсенді айналысқан. Ол самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанып, ТМД студенттері арасындағы жарыстарда жүлделі орындарға ие болған. Сондай-ақ дзюдодан республикалық және халықаралық деңгейдегі турнирлерге қатысқан.

Share.
Exit mobile version