Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қатты жел тұрып, күн суытады: Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Жаңалықтар

Қатты жел тұрып, күн суытады: Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

НұрланНұрлан06.11.20265
Фото: ertenmedia.kz

Қазақстанның 15 облысында 2026 жылдың 6 қарашасында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыста 2-7 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 6 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Түнде 3-5 градус суық болып, үсік жүреді деп болжанады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 6 қарашада солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні — 15-18 м/с.

Түнде және таңертең Ұлытау облысыныңбатысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 6 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада 6 қарашада оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың орталығында кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 6 қарашада түнде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 6 қарашада түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыста 1-6 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 6 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта да 6 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 6 қарашада оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Түркістан облысыныңбатысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 6 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Өскеменде6 қарашада түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.

Түнде және таңертең Абай облысыныңоңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысыныңбатысында, солтүстігінде аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында кей уақытта 25 м/с, ал кейбір тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 6 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Қостанай облысыныңсолтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 6 қарашада оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-18 м/с. Павлодарда 6 қарашада түнде тұман түседі деп күтіледі.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 6 қарашада төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Жамбыл облысыныңбатысында, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 6 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

ауа райы болжамы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚаскелеңде жаңа саябақ ашылды
Next Article Астанада көшедегі жанжал: қарияны ұрып, әйелге тап берген ер адам ұсталды

Оқи отырыңыз...

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20264

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202618

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.202692

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.202619

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20264

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202618

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.202687

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20263

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202690

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202663

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202642

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.