Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Қазақша ең нашар сөйлейтін оқушы болдым»: Баян Алагөзованың үлкен қызы мектепте буллингке ұшырағанын айтты (ВИДЕО)
Шоу бизнес

«Қазақша ең нашар сөйлейтін оқушы болдым»: Баян Алагөзованың үлкен қызы мектепте буллингке ұшырағанын айтты (ВИДЕО)

НұрланНұрлан12.11.202676
Фото: әлеуметтік желі

Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек режиссер Қанат Бейсекеевке берген сұхбатында қазақ мектебінде оқыған жылдарын еске алды. Ол орыс тілді отбасынан шыққанына қарамастан, қазақ сыныбында білім алғанын айтып, бастапқыда тіл үйренуде қиындықтарға тап болғанын жеткізді,  деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Айсәуленің сөзінше, оған орыс тілінде сөйлейтін отбасылардан шыққан балаларды қазақ сыныбына берген дұрыс па деген сұрақты жиі қояды.

«Меніңше, отбасында орысша сөйлейтін адамдар баласын қазақ сыныбына берген дұрыс па, жоқ па деп жиі ойланады. Себебі маған бұл сұрақты көп қояды. Менің анам орыс тілді, бірақ қазір қазақша сөйлеуге тырысады. Оның үстіне, қазақшасы жаман емес. Өзім де қазақ сыныбына барған кезде орыс тілді едім. Сыныптастарымның арасында қазақша ең нашар сөйлейтін оқушы болдым. Тіпті бірінші сыныптағы алғашқы қоңырау кезінде бір сыныптасым: «Өз тіліңді білмесең, сенен дұрыс адам шықпайды», – деген еді», – деді ол.

Соған қарамастан, Айсәуле қазақ мектебінде оқығанына өкінбейтінін айтты. Оның пікірінше, ата-аналар балаларын қазақ сыныбына бергені дұрыс.

«Меніңше, бәрібір баланы қазақ сыныбына берген жөн. Маған қиын болды, бірақ соған тұрарлық», – деді ол.

Сондай-ақ ол мектепте алғашында ағылшын тілін де түсінбей қиналғанын еске алды. Себебі сабақ қазақ тілінде түсіндірілген, ал өзі бұл тілді әлі толық меңгермеген еді. Дегенмен орыс сыныбына ауысудан бас тартқан.

Айсәуленің айтуынша, мектептегі оқуына әжесі көп көмектескен. Тіпті жоғары сыныптарға дейін үй тапсырмасын орындауға жәрдемдесіп, «Абай жолы» романындағы әр сөйлемді аударып, түсіндіріп отырған.

«Әжем болмағанда мектепті қалай бітірер едім, білмеймін», – деп түйіндеді ол.

айсәуле баян алагөзова
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleПарижде Франция және Словакия президенттерінің кездесуі кезінде қарауыл сарбазы есінен танып, құлап қалды (ВИДЕО)
Next Article «Қызмет, лауазым, таныстық, байланыстар — бәрі зая»: журналист ұлттық компаниялар басшыларының ұсталуына қатысты ойын айтты

Оқи отырыңыз...

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.202614

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20263

«Мінезі жоқ, өзін таппаған»: Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановты сынап тастады (ВИДЕО)

16.11.202631
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.202683

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.202614

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20264

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202618

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.202686

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20263

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202690

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202663

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202642

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.