Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Кәсіпкер Айбын Әубәкір Қытайдағы қазақ жастарын жасанды интеллект саласына біріктірді
Жаңалықтар

Кәсіпкер Айбын Әубәкір Қытайдағы қазақ жастарын жасанды интеллект саласына біріктірді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы22.07.202680
muztaumedia

Қазақстан мен Қытай арасындағы халықтық дипломатияны дамытуға 35 жылдан астам уақытын арнаған қазақстандық кәсіпкер Айбын Әубәкір бүгінде екі ел ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеретін цифрлық жобаларды жүзеге асырып келеді. Оның бастамасымен Қытайда білім алып, технология саласында тәжірибе жинаған қазақ жастары бірігіп, жасанды интеллект негізіндегі бірнеше инновациялық бағдарламаларды дайындап шығарды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпараттық агенттігі. 

Айбын Әубәкірді көпшілік Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға үлес қосып жүрген азамат ретінде жақсы біледі. Ол ұзақ жылдар бойы екі елдің халқын жақындастыру, Қазақстанды Қытай аудиториясына кеңінен таныстыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Бүгінде оның Қытайдың Douyin платформасында 500 мыңға жуық, WeChat Video Channel желісінде 50 мың, ал халықаралық әлеуметтік желілерде 150 мыңнан астам оқырманы бар. Ол дайындаған бейнероликтердің жалпы қаралымы 100 миллионнан асып, Қазақстанның табиғаты, мәдениеті мен туристік әлеуетін миллиондаған қытайлық көрерменге таныстырды.

Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан облысы, Маңғыстау өңірі және еліміздің өзге де көрікті жерлері туралы жүздеген бейнероликті Айбын Әубәкірдің өзі түсіріп, монтаждап, мәтінін әзірлеп, дыбыстаған. Авторлық контенттің басты ерекшелігі – Қазақстанды табиғи қалпында, шынайы бейнелеуі.

Жасанды интеллект саласындағы жаңа қадам

Соңғы жылдары әлемде жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып келеді. Осы үрдісті ескерген Айбын Әубәкір Қытайдағы қазақ жастарының жаңа технологиялардың игілігінен тыс қалмауына ерекше назар аударған.

Оның бастамасымен құрылған Hainan Sana Intelligent Technology компаниясы көпұлтты орта мен трансшекаралық саудаға бейімделген жасанды интеллект өнімдерін әзірлеуде.

Компания жасаған Sana AI қосымшасы іске қосылғанына екі айға жетер-жетпес уақытта әлем бойынша 10 мыңнан астам рет жүктелген. Қосымша 100-ден астам тілді аударады, мәтінді суреттен таниды, жасанды интеллект көмегімен сурет пен қысқа бейнероликтер жасай алады. Сондай-ақ қытай, қазақ (кирилл және төте жазу) және ұйғыр тілдерін қолдайды.

Бұдан бөлек, Қытайдағы қазақ қауымына арналған қазақ тіліндегі интеллектуалды навигациялық жүйе әзірленіп, ресми іске қосылуға дайындалуда. Сонымен бірге мал шаруашылығына арналған «ақылды» электронды мойынбау жобасы да жүзеге асырылып жатыр.

Айбын Әубәкір: «Технология – халықтарды жақындастыратын жаңа көпір»

Айбын Әубәкірдің айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстармен ғана емес, цифрлық технологияларды қаншалықты тиімді игере алуымен де өлшенеді.

«Мен 35 жыл бойы Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстарды дамытуға атсалысып келемін. Бұрын халықтарды мәдениет, туризм және сауда арқылы жақындастырсақ, қазір бұл миссияны жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар жалғастырып жатыр. Біз Қытайда білім алып жүрген және технология саласында еңбек етіп жүрген қазақ жастарын біріктірдік. Мақсатымыз – олардың білімін өз халқымыздың игілігіне бағыттау. Қазақстан мен Орталық Азияға пайдалы болатын, көптілді әрі қолжетімді жасанды интеллект өнімдерін жасау – біздің басты міндетіміз», – дейді Айбын Әубәкір.

Оның айтуынша, Қытайдағы дамыған жасанды интеллект экожүйесі, қуатты инфрақұрылым мен қолжетімді есептеу ресурстары жаңа технологияларды жылдам дамытуға мүмкіндік береді.

«Біз тек коммерциялық өнім жасауды емес, адамдардың күнделікті өмірін жеңілдететін технология әзірлеуді көздейміз. Тілдік кедергілерді азайтып, кәсіпкерлерге, студенттерге, туристерге және қарапайым азаматтарға көмектесетін цифрлық құралдарды көбейткіміз келеді. Болашақта бұл жобаларды Қазақстанға және бүкіл Орталық Азияға енгізуді жоспарлап отырмыз», – дейді ол.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай бастамалар Қазақстан мен Қытай арасындағы цифрлық ынтымақтастықтың кеңеюіне ықпал етіп қана қоймай, қазақ жастарының халықаралық технологиялық жобаларға белсенді қатысуына жол ашады. Бүгінде жасанды интеллект саласындағы мұндай бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа бағыты ретінде бағалануда.

Айбын Әубәкір Жасанды интеллект Қазақстан қазақтар Қытай
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКаспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын қабылдауды тоқтатты — Reuters
Next Article Түркияда тікұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

Оқи отырыңыз...

2,3 трлн теңгелік дау: Қазақстан NCOC-тан айыппұл өндіріп алуды уақытша тоқтатты

09.09.20262

Бибісара Асаубаева Үндістанда 6 партия қатарынан жеңіске жете алмай келеді

09.09.20263

«Жұлдызы жанған Жезқазған»: Жезқазған қала күнін атап өтті

09.09.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 679

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 265

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 394

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 355

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 968

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 844

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 731

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 704

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 570

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 363

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.