Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын қабылдауды тоқтатты — Reuters
Басты ақпарат

Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын қабылдауды тоқтатты — Reuters

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы22.07.20261

Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалы маңындағы дрон шабуылдарынан кейін қазақстандық мұнайды қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Muztaumedia.

Дрон шабуылдары 

Мұнай саласындағы үш дереккөзге сілтеме жасап хабарлаған Reuters мәліметінше, Каспий құбыр консорциумы 21 шілдеде қазақстандық мұнайды қабылдауды тоқтатқан. Бұған Новороссийск маңындағы теңіз терминалы ауданында танкерлерге жасалған дрон шабуылдары себеп болған.

20 шілдеде консорциум мұнай тиеу жұмыстарының уақытша тоқтатылғанын хабарлағанымен, терминал инфрақұрылымына зақым келгені немесе оның жұмысына қауіп төнгені туралы мәлімет бермеді.

Консорциумдағы 15 пайыздық үлеске ие Chevron компаниясы жағдайды бақылап отырғанын айтып, қызметкерлердің қауіпсіздігі басты басымдық екенін мәлімдеді.

Екі танкер шабуылға ұшырады

19 шілдеде КҚК теңіз терминалында мұнай тиеу кезінде сыртқы айлақ құрылғылары маңында екі танкерге дрон шабуылы жасалған.

Олардың бірі – «Теңізшевройл» мұнайын тасымалдаған Asia, екіншісі – «Қашаған B.V.» мен «ҚазМұнайГаз» компанияларының мұнайы тиелген Nissos IOS кемесі.

Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрліктері бұл шабуылдарды айыптап, олар әлемдік мұнай нарығын тұрақсыздандыруға бағытталған әрекет екенін мәлімдеді.

Украина шабуылдарға қатысы жоғын мәлімдеді

Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майко шабуылдарға Украина Қарулы күштерінің қатысы жоқ екенін айтты.

Оның айтцынша, Украина Қазақстанның азаматтары мен инфрақұрылымын ешқашан әскери нысана ретінде қарастырмаған.

КҚК – Қазақстан мұнайының негізгі экспорттық бағыты. Елден экспортталатын мұнайдың 80 пайыздан астамы осы құбыр арқылы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан әлемдік нарыққа жөнелтіледі.

доллар Каспий мүнай Украин шығын
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Енді соттың шешімі қажет емес»: 25 тамыздан бастап жүргізушілерге жаңа талап енгізіледі
Next Article Кәсіпкер Айбын Әубәкір Қытайдағы қазақ жастарын жасанды интеллект саласына біріктірді

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026362

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Қазақстанда доллар бағамы тағы құлдырады

30.10.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026313

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.