Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстанның 10 өңірінде аптап ыстық +48 градусқа дейін жетеді
Жаңалықтар

Қазақстанның 10 өңірінде аптап ыстық +48 градусқа дейін жетеді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы16.07.202659
Фото: © istockphoto.com

«Қазгидромет» синоптиктері 17 шілде, жұма күнгі Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына болжам жасады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Болжамға сәйкес, күндіз Атырау, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында, сондай-ақ Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және Алматы облысының оңтүстік-шығысында ауа температурасы +35…+39 градусқа дейін көтеріледі.

Сонымен қатар елдің 10 өңірінде аптап ыстық күтіледі:

  • Маңғыстау және Жамбыл облыстарында +43…+46 градус;
  • Қызылорда облысында +45…+47 градус;
  • Түркістан облысында +45…+48 градус;
  • Алматы облысында +40…+43 градус;
  • Жетісу, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде +40…+41 градус.

«Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыста қатты жаңбыр жауады. Күндіз батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста бұршақ түсіп, екпінді жел соғады», – деп мәлімдеді «Қазгидромет».

Жауын-шашынсыз ауа райы тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында сақталады.

Синоптиктердің мәліметінше, республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Түнде және таңертең елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.

Сондай-ақ бірқатар өңірде өрт қаупі сақталады.

Өрт қаупі жоғары Маңғыстау, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Алматы облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде және орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстік-шығысы мен солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының батысында, шығысында және орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының шығысы мен орталығында, сондай-ақ Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында күтіледі.

Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жетісу облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында, Абай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Жамбыл, Қарағанды облыстарының батысы мен солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Атырау облысының солтүстік-батысында болжанып отыр.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚадірлі досым: Президент Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге ерекше алғыс айтты
Next Article Қазақстан 1 млрд доллардан айырылды: қытайлық инвесторлар шығыста жоқ мұнайды бір жыл бұрғылаған

Оқи отырыңыз...

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026305

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026305

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202617

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20269

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.