Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Қазақстан 1 млрд доллардан айырылды: қытайлық инвесторлар шығыста жоқ мұнайды бір жыл бұрғылаған
Қоғам

Қазақстан 1 млрд доллардан айырылды: қытайлық инвесторлар шығыста жоқ мұнайды бір жыл бұрғылаған

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы16.07.20267
muztaumedia

Қытайлық инвесторолар жергілікті компанияға сеніп, Шығыс Қазақстан облысында жоқ мұнайды барлау үшін бір жыл жұмыс істеген. Алайда шетелдік инвесторларды тартқан компанияның жерді бұрғылауға лицензиялары жарамсыз, рұқсат құжаттарының уақыты өтіп кеткен, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталына сілтеме жасаған Muztaumedia.kz.

«Сарыбұлақ» кен орнына қатысты негізгі дау Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданының аумағындағы мұнайды зерттеп және оны өндіруге қатысты туындап отыр. Шығыста мұнай қоры бар дегенді желеу еткен жергілікті компания Қытайлық алпауыт компанияның өкілдерімен кездесу өткізіп, оларды сендірген. Өзара келісім шартта жасасқан. Екі жақта бірнеше рет кездесу өтіп, қытайлық инвестролар техника әкеліп, шығыстың тауларын бір жыл бұрғылаған. Бастапқыда қытайлық инвесторлар жергілікті компанияға 4 миллион доллар аударған. Кейін бұл сома ұлғайған.

Жәбірленуші жақтың айтуынша, жалған құжат, жоқ мұнайды жарнамалау салдарынан, Қазақстан 1 млрд доллардың инвестициясынан айырылып отыр.

Қытай Халық Республикасының азаматы, Asia Power Development (Hong Kong) Limited компаниясының директоры Чжан Вэйдун  Қазақстан тарапынан шақырту алып, 2023 жылдан мұнай барлау ісі бойынша инвестиция салмақ болып Қазақстанға келеді.

Сол жылы  жергілікті ЖШС мен бірлесе келісімге келіп, мұнай барлау ісін бастап та кетті. Алайда Чжан Вэйдунің айтуынша ЖШС (ТБМ) лауазымды тұлғалары  өздерін жаңылыстырып, қолданыстағы барлау лицензиясы бар екеніне сендіргенін, осының нәтжесінде 20 млн АҚШ долларынан айырылып, әділдікке жете алмай келе жатқанын айтады.

Оның айтуынша, мұнай барлау бірлескен жобасын іске асыру туралы 2023 жылдың 9 наурызында екі ортада келісім жасалып, Қытай тарапы жобаға қомақты инвестиция салмақшы болған. Алайда құжаттарға зер салмай, қой қойып, Asia Power Development (Hong Kong) Limited компания өкілдері Қазақстандық тараптың дәл осы барлау ісіндегі уақыттың тым шектеулі екендігін білмей сан соғып қалдық деп отыр.

Екі жақ 2023 жылы 9 наурызда екі тарап бірлесе жұмыс істеуге келісіп, құжаттарға қол қойған. Алайда ТМ ЖШС-нің 2023 жылдың 5 наурыз күні ҚР Энергетика министрлігінің берген барлау ісі лицензиясының уақыты аяқталған. Яғни лицензияның уақыты өтіп кеткеніне төрт күн өткен соң келісімге отырғанын қытайлық инвесторлар артынан бірақ білген.

— Біздің қолымыздағы құжаттарға сәйкес, «ТЬ» ЖШС шетелдік инвесторларға Сарыбұлақ кен орны бойынша 4200 метр тереңдікке дейінгі және 8 326,9 шаршы шақырым аумақты қамтитын жер қойнауын пайдалану құқығы 2027 жылға дейін жарамды деген ақпарат берген. Осы мәліметтердің негізінде 2023 жылғы 9 наурызда шетелдік инвестормен бірлескен барлау және игеру жөніндегі операторлық келісім жасалған.

Алайда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2026 жылғы 16 наурыздағы ресми жауабына сәйкес, №84 келісімшарт бойынша барлау кезеңі 2023 жылғы 5 наурызда аяқталған. Яғни операторлық келісім жасалған кезде барлау кезеңінің мерзімі өтіп кеткен, — деді жәбірленуші тараптың заңды өкілі Айдар Құманғазыұлы.

Сонымен қатар жаңа құқықтық режим тек 2024 жылғы 15 наурызда енгізілген. Ол бастапқы лицензияны бойынша барлауды жалғастыра алмайды, мүлде басқа шарттармен берілген. Атап айтқанда, жаңа құқық тек өндіру және дайындық кезеңіне қатысты, аумағы небәрі 95,5 шаршы шақырымды, ал рұқсат етілген тереңдігі 2546,4 метрді ғана құрайтын болған. Нәтижесінде инвесторлар алданып опық жеп қалдық деп отыр. Қазылған ұңғымадан ешнәрсе шықпағандықтан, Қазақстанға текке келгендей болғандарын айтады.

Ұсынылған құжаттарға сәйкес, жобаға салынған инвестициялар мен жұмсалған шығындардың  материалдық залал көлемі жалпы 20 миллион АҚШ долларынан асады деп көрсетті жәбірленуші тарап заңгері.

Олардың мәлімдеуінше, құқық қорғау органдары бұл дауға азаматтық-құқықтық сипаттағы мәселе ретінде қарап, қылмыстық-құқықтық баға беруден бас тартқан.

Чжан Вэйдуннің Қазақстандағы заңды өкілі Айдар Құрманғазыұлы бұл жауаппен келіспейді және ҚР энергетика министірлігіне арыз қалдырған. Алайда, Энергетика министрлігі азаматтың сауалына жауап беріп, «ТМ» ЖШС бойынша операторлық келісімдер Қазақстанның «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексінің талаптарына сәйкес рәсімделгенін хабарлаған.

Министрліктің мәліметінше, компания операторды тағайындау туралы тиісті хабарламаны және қажетті құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынғандығын айтқан. Сонымен қатар, ведомство оператор мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы қатынастар өзара жасалған келісіммен реттелетінін атап өткен.

— Бүгін біз Алматы қаласының прокуратурасына және Алматы қаласының Полиция департаментіне қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша ресми арыз жолдап отырмыз. Біздің мақсатымыз – барлық мән-жайды жан-жақты, толық әрі объективті тергеп-тексеру.

Бұл іс тек жекелеген компаниялардың арасындағы дау емес. Әңгіме ондаған миллион АҚШ доллары көлеміндегі инвестициялар туралы болып отыр. Мұндай жағдайлар Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына және халықаралық беделіне теріс әсер етуі мүмкін.

Сондықтан біз құзыретті мемлекеттік органдардан осы іске жан-жақты, объективті және заң талаптарына сәйкес құқықтық баға беруді сұраймыз,-дейді инвестордың заңды өкілі Айдар Құрманғазыұлы.

Ол бұл мәселені құқық қорғау органдары жан-жақты тексеруі тиіс деп есептейді.

Қазіргі уақытта өтініштер Алматы қаласының прокуратурасы мен полиция департаментіне жолданғаны айтылып отыр. Тараптар ресми органдардың тексеру нәтижелерін күтетінін және сол қорытындыға сәйкес келесі құқықтық қадамдар жасалатынын мәлімдеді.

— Бізде Қазақстанға бұл сала бойынша 1 млрд доллар саламыз деген жоспар болған. Алайда жергілікті компанияға біз алданып қалдық. Мүнай табылмады, екі жерде бұрғылау жұмыстарын бір жыл жүргіздік. Бізге жергілікті билік бұрғылауды тоқтату туралы ескерткенде алданғанымызды білдік. Біздің осы әрекетімізді өзге ірі компания өкілдері де естіді, олар Қазақстанға инвестиция салудан бас тартып жатыр. Бұл әрекет елдің беделіне кері әсер етіп, инвесторлардың кетуіне себепкер болып жатыр. Біздің шығындарымыз 20 млн доллардан асты. Біз бұл іске Қазақстан үкіметінің араласып, реттеуін сұраймыз. Ондай болмағанда біз бұл мәселені халықаралық және екі мемлекеттің арасында көтеруге тура келмек, -деді Asia Power Development (Hong Kong) Limited компаниясының Қазақстандағы директоры Чжан Вэйдун.

Аталған даулы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына да арыз жазылмақ.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақстанның 10 өңірінде аптап ыстық +48 градусқа дейін жетеді
Next Article Цинхайдың жасыл даму моделі: экология, инвестиция және таза энергия тоғысқан өңір

Оқи отырыңыз...

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619

Басты қоздырғыш шынайы дыбыстар: Сексологтар төсекте үнсіз қалатын әйелдерге кеңес берді

23.10.2026552

«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)

23.10.20261 045
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026313

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.