Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Білім & ғылым»«Бұрын түсімізге де кірмеген»: Қазақстанның Еңбек ері Президент Тоқаевтың жұмысына баға берді
Білім & ғылым

«Бұрын түсімізге де кірмеген»: Қазақстанның Еңбек ері Президент Тоқаевтың жұмысына баға берді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы08.10.202620
Фото: Жеке мұрағат

Ардагер ұстаз, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Аягүл Миразова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Тамыз кеңесінде ұстаздарға қатысты айтқан ой-пікіріне тоқталды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, инновация, жаңа технологиялар, соның ішінде қазіргі жасанды интеллект әлемді өзгертуі мүмкін. Алайда адамның санасын қалыптастыру мен оның дүниетанымын өзгерту ісінде ұстаздың орны ерекше. Ұстаздарға білім беру үдерісінен бөлек, түрлі іс-шараларға, өзге де жұмыстарға шамадан тыс жүк артпай, оқушыларға білім мен тәрбие беруге мүмкіндік жасау қажет.

Өйткені ұстаздың басты міндеті – шәкіртіне сапалы білім беру және дұрыс тәрбие қалыптастыру.

«Мемлекеттің ұстазға деген сенімі ерекше. Мұны әрбір мұғалім сезінуі керек. Сонымен қатар әр ұстаз өз бойындағы білімді шәкіртінің бойына қалай сіңіре алады, біліммен қатар тәрбиені қалай бере алады деген сұрақтарға өзіне есеп беруі қажет», – деді ол.

Бала үйде алған тәрбиесін мектепте әрі қарай жалғастырады. Сондықтан ұстаздың міндеті – білімді ғана емес, елін, жерін, тілін сүйетін, білімге құштар, өмірден өз орнын таба алатын азамат тәрбиелеуге үлес қосу. Бүгінде балаларға жан-жақты білім алуға барлық жағдай жасалған. «Келешек мектептері» жобасы жүзеге асырылуда.

Аягүл Миразова Алматы қаласында да, Алматы облысында да бірнеше «Келешек мектебінің» ашылуына қатысқанын айтып, жаңа мектептердегі мүмкіндіктерге таңғалатынын жеткізді.

«Тіпті “шіркін, жас кезімде осындай мектепте жұмыс істейтін едім” деген ой келеді», – деді ардагер ұстаз.

Оның айтуынша, технология қанша дамыса да, ұстаздың оқушының алдына шығып, оның көзіне қарап, сабақты түсіндіруі, білімді өз деңгейінде жеткізуі және оқушының кері байланысын алуы ешқашан маңызын жоғалтпайды.

«Ұстазды ешқандай техника алмастыра алмайды. Өйткені ұстаз әрбір айтқан сөзін шәкіртінің жүрегіне жеткізе біледі», – деді ол.

Аягүл Миразованың сөзінше, ұстазға деген құрмет те, жауапкершілік те өте жоғары. Себебі бүкіл бала ұстаздың алдынан өтеді, оның берген білімін алады, сол біліммен болашағына жол ашады. Абай атамыздың «Адамның жақсы болуы ұстазынан» деген мазмұндағы сөзі де жайдан-жай айтылмаған.

«Сондықтан ұстаздық мамандықты таңдау – бір бөлек, ал сол мамандықтың иесі болуға шын мәнінде лайық екеніңді сезіну – мүлде бөлек нәрсе. Ұстаздықты адам жүрегімен, жанымен жақсы көріп барып таңдауы керек», – деді ардагер ұстаз.

Оның айтуынша, кейбір ұстаздардың білімі терең болуы мүмкін. Бірақ сол білімін шәкіртінің бойына жеткізе алмайтын ұстаздар да кездеседі. Ал мұндай білімнің бала үшін пайдасы аз. Ұстаздың білімі де, білігі де болуы керек. Сонымен қатар оның бойында балаға деген ерекше ықылас пен мейірім, баланың жүрегіне жол таба білетін қасиет болуы қажет.

«Жүрегің жылы болса, сен барлық адамды жақсы көресің. Ал тілің жылы болса, барлық адам сені жақсы көреді». Бұл сөздің нақты кімге тиесілі екенін білмеймін, бірақ мағынасы өте дұрыс деп ойлаймын», – деді ол.

Ұстаз әр баланың өзіндік ерекшелігін сезіне білуі керек. Әр баланың мінезі, қабілеті, дүниетанымы әртүрлі. Сондықтан оның жан дүниесіне жол таба білу маңызды. Сонда ғана бала ұстаз берген білімді қабылдап, оқуға, ізденуге, алға ұмтылуға талпынады. Ұстазға қойылатын басты талаптардың бірі – білім. Сонымен қатар адамгершілік пен әділдік те аса маңызды.

Бұған қоса ұстаз үнемі ізденісте болуы керек. Өйткені заман бір орында тұрмайды.

«Біз заман талабына сай білімімізді үнемі жаңартып, қажет емес дүниені електен өткізіп алып тастап, керекті ақпаратты меңгеріп, күн сайын өзімізді толықтырып отыруымыз қажет. Тек сонда ғана заман талабына сай ұстаз бола аламыз», – деді Аягүл Миразова.

Оның айтуынша, ұстаздың беделі, ең алдымен, оның өз қолында. Ұстаз еңбегінің материалдық тұрғыдан бағалануы, айлығының көтерілуі маңызды мәселе болғанымен, ұстаздың шынайы беделі оның кәсібилігіне, адамгершілігіне, біліміне және шәкіртіне деген қарым-қатынасына байланысты.

«Егер ұстаздың мінезі көркем, білімі терең, жаңалыққа құштарлығы жоғары болса, сол ұстаздан білім алған шәкірттерді бақытты деп санаймын», – деді ол.

Аягүл Миразова жас ұстаздарға және қазіргі таңда еңбек етіп жүрген барлық мұғалімдерге сөзі мен ісі бір жерден шығуы керек екенін айтты.

«Балаға бір нәрсені айтып, оны өзіңіз ісіңізбен көрсете алмасаңыз, нәтиже күту қиын. Ұстаздың еңбегі – елдің болашағына салынған инвестиция», – деді ол.

Ардагер ұстаз қазіргі технология дамыған заманда шәкірттердің кейде ұстаздан бұрын ақпарат алып, жаңа дүниелерді меңгеріп жататынын, жасанды интеллекттің де өмірімізге еніп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ақпаратты електен өткізу, оның пайдалысы мен зиянын ажырату – баланың қолынан әрдайым келе бермейді. Осы тұрғыдан алғанда ұстаздардың рөлі өте маңызды.

«Ұстаздар балаларымызды түрлі қауіп-қатерден қорғауға, ақпараттық қауіпсіздікке мән беруге үйретуі керек. Өйткені өмірге келген әрбір баланың амандығы – ең қымбат дүние», – деді ол.

Аягүл Миразова әр мектепке оқушы қуанып кіріп, қуанып шығатын болса, сол мектептің де, сол мектепте еңбек ететін ұстаздардың да еңбегін бақытты еңбек деп бағалауға болатынын айтты.

«Сондықтан барлық жас ұстаздарға және қазіргі таңда еңбек етіп жүрген барша мұғалімдерге тілерім – шәкірттеріңіздің мектепке қуанып келіп, қуанып шығуына жағдай жасай отырып, олардың жүрегіне жол табатын қалаулы ұстаз болыңыздар. Сол арқылы еңбектеріңіз ел игілігіне қызмет етсін», – деді ол.

Оның сөзінше, білім мен тәрбие беруде, өскелең ұрпақты қалыптастыруда мұғалімнің рөлі өте үлкен.

«Менің ойымша, ата-анадан кейінгі ең үлкен рөл атқаратын тұлға – ұстаз. Бала алты жасынан бастап мектеп табалдырығын аттайды. Содан кейін он бір жыл бойы мектеп қабырғасында білім алады. Бұл жай ғана уақыт емес, бұл – үлкен өмір жолы. Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай, бала мектепке “тарыдай болып кіріп, таудай болып шығады”», – деді Аягүл Миразова.

Оның айтуынша, балаға тәрбие ең алдымен отбасынан, ұстазынан және қоршаған ортасынан келеді. Ата-ана мен ұстаз бір-бірімен түсінісіп, бірін-бірі қолдап, бірге ойласып, балаға білім мен тәрбие беріп отырса, саналы, білімді, тәрбиелі ұрпақ қалыптасады.

«Сондықтан ұстаздардың еңбегі қай кезде де өте қымбат. Айналайын, ұстаздар! Ұстаз деген ұлы аттың иесі болуларыңызға тілектеспін. Шәкірттеріңіз әрдайым қуанып келіп, қуанып шығатын, сіздерді құрметтейтін, берген білімдеріңізді өмірде пайдалана алатын азамат болып қалыптассын», – деп сөзін қорытындылады ардагер ұстаз.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Күйеу балаларыма телефон соқпаймын»: Абай Бегей 16 жасар қызын алып қашқан күйеу баласы туралы айтты
Next Article Жағымсыз жаңалық: Үкімет кейбір отбасыларға қатысты 10 түрлі жәрдемақыны қысқартатын болды

Оқи отырыңыз...

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Алматы облысында Республика күні қарсаңында 35 азамат мемлекеттік марапатқа ие болды

23.10.202615

«Грант саны өсті. Басты мәселе – білім сапасы»: депутат Тоқаевтың жастарға қаншалықты жағдай жасап отырғанын айтты

07.10.202615
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202642

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026257

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.20269

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.20268

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202616

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202614

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.