Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Барни» үшін қаза болған Мадинаның мәйіті қайта қазып алынды (ВИДЕО)
Жаңалықтар

«Барни» үшін қаза болған Мадинаның мәйіті қайта қазып алынды (ВИДЕО)

НұрланНұрлан05.11.2026155
Фото: әлеуметтік желі

Алматы облысында қайтыс болған 19 жастағы Мәдина Рашидқызының денесі қайта сараптама жүргізу үшін қабірден шығарылды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Оның өліміне қатысты қылмыстық іс аясында қосымша сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Бұл туралы оқиға орнынан видео жариялаған блогер Жан Ахмадиев мәлімдеді.

Блогердің сөзінше, зиратқа полиция қызметкерлері мен қажетті мамандар келген. Ол бұған дейін де бойжеткеннің өліміне қатысты мәселе көтеріп, алғашқы сот-медициналық сараптама нәтижелеріне күмән келтірген. Осыған байланысты істі қайта тексеруді талап еткен.

Жан Ахмадиевтің айтуынша, қайта сараптама жүргізу туралы шешім қабылданып, мамандар марқұмның денесін қабірден шығарған.

Блогер бұл қадамның дәстүр тұрғысынан оңай емес екенін атап өтті. Дегенмен оның пікірінше, қыздың өлімінің нақты себебін анықтау үшін қайта сараптама қажет. Марқұмның артында сегіз айлық сәбиі қалған.

Сондай-ақ Ахмадиев өзі жариялаған бейнежазбаларда Мәдинаның денесінен соққы іздері мен бұрыннан қалған жарақаттар байқалатынын айтты. Енді сарапшылар олардың шығу тегін және өлім себебімен байланысын анықтауы тиіс.

«Біз ешкімді алдын ала айыптағымыз келмейді. Бірақ Мәдинаның өліміне қатысты шындық толық ашылуы керек. Оны өмірге қайтара алмаймыз, алайда шындықтың көмулі қалуына жол бермеуіміз керек. Біз бұл істі соңына дейін бақылауда ұстаймыз. Әділдік үшін күрес жалғасады», – деді блогер.

Қазіргі уақытта қайта сот-медициналық сараптаманың нәтижесі белгісіз. Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.

адам өлімі Меркі
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Көпбалалы ана болған»: Ақтөбеде Неке сарайында бұрынғы сүйіктіксі өлтіріп кеткен әйелге қатысты тың деректер шықты
Next Article Қайғылы жағдай: Астана – Петропавл тасжолындағы жантүршігерлік апаттан үш адам қаза тапты

Оқи отырыңыз...

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202614

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20260

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202658
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202614

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.20268

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20260

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20261

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202685

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202658

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202638

«Мінезі жоқ, өзін таппаған»: Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановты сынап тастады (ВИДЕО)

16.11.202628

102 млн теңге табыс: Астанада лицензиясыз жұмыс істеген ломбардқа қатысты заңсыз әрекет анықталды

16.11.20264

Тұрмыстық зорлықтың алдын алу: заң күшейді, бірақ ол жеткілікті ме?

16.11.20265

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.