Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қайғылы жағдай: Астана – Петропавл тасжолындағы жантүршігерлік апаттан үш адам қаза тапты
Жаңалықтар

Қайғылы жағдай: Астана – Петропавл тасжолындағы жантүршігерлік апаттан үш адам қаза тапты

НұрланНұрлан05.11.202622
Фото: ЖИ

Астана – Петропавл тасжолында бірнеше көлік қатысқан ірі жол апатынан үш адам көз жұмды. Қаза тапқандардың қатарында Петропавл қаласындағы №2 емхана қызметкері Айгүл Жуандыкова мен оның жұбайы бар, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Qazaqstan Media басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 1 қараша күні кешкі уақытта Макинск қаласынан шыға берісте болған. Ерлі-зайыпты елордаға қызымен кездесуге келіп, кейін үйлеріне қайтып бара жатқан.

№2 емхана ұжымы өз қызметкері Айгүл Амангелдіқызының қайтыс болғанын растады. Ол медициналық мекемеде химияландырушы қызметін атқарған.

Әріптестері марқұмды ақжарқын, мейірімді, айналасына қамқорлық танытатын және өз ісін жетік білетін маман ретінде еске алды.

«Айгүл Амангелдіқызының өмірден өтуі – бүкіл ұжымымыз үшін орны толмас қаза. Біз оны әрдайым мейірімді, жанашыр адам ретінде есте сақтаймыз. Осындай қайғылы сәтте марқұмның туған-туыстарына, жақындарына, сондай-ақ Айгүл Амангелдіқызы мен оның жұбайын таныған, жақсы көрген барша жанға шын жүректен көңіл айтамыз», – делінген емхана хабарламасында.

Алдын ала деректерге сәйкес, жол-көлік оқиғасы Toyota Camry көлігінің жол қоршауына соғылуынан басталған. Рөлде қыз бала болған. Кейін тоқтап тұрған осы көлікке Kia Rio соқтығысқан. Оны да әйел адам басқарған. Одан соң апатқа Chevrolet Cobalt көлігі араласқан.

Алайда оқиғаның ең ауыр салдары кейін болған. Toyota Camry көлігінен түсіп, жол үстінде тұрған жүргізуші мен жолаушыны жоғары жылдамдықпен келе жатқан Geely көлігі қағып кеткен. Екі әйел де алған ауыр жарақаттарынан жедел жәрдем жеткенге дейін оқиға орнында жан тапсырған.

Апат салдарынан тағы бес адам түрлі дене жарақатымен Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілді. Кейін олардың бірі – басынан ауыр жарақат алған ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жол апатының себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.

адам өлімі апат
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Барни» үшін қаза болған Мадинаның мәйіті қайта қазып алынды (ВИДЕО)
Next Article «35 мың теңгеден»: Тұрсынбектің тоқалы өз брендінің киімдерін сатылымға шығарды (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20261

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202616

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.20261

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20261

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202616

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.20269

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20262

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20261

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202686

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202658

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202640

«Мінезі жоқ, өзін таппаған»: Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановты сынап тастады (ВИДЕО)

16.11.202629

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.