Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»«Бас салып құшақтап, сүйіп амандасу — әдепсіздік»: журналист еркек атаулы қыз-келіншектермен амандасуда әдептен жұрдай екенін ескертті
Қоғам

«Бас салып құшақтап, сүйіп амандасу — әдепсіздік»: журналист еркек атаулы қыз-келіншектермен амандасуда әдептен жұрдай екенін ескертті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы15.08.202610
Журналист Дәурен Сейтжанұлы қоғамдағы ер мен әйел арасындағы қарым-қатынаста әдеп пен шекараны сақтау мәселесін көтерді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі жазбасында айтып, қоғамдық орындардағы амандасу мәдениетіне назар аударды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

 

Автор өз ойын Мемлекет басшысының құқықтық мәдениет пен күнделікті тәртіпке қатысты айтқан сөзімен байланыстырған.

«Құқықтық ел болу Ата заңда ғана бекітіліп қойған қағидат емес. Құқық күнделікті күйбең тірліктен басталуы қажет. Бұл – әр адамның жүріс-тұрысы, әдебі, тәртібі, тіпті, мінез-құлқы заңға қайшы болмауы керек деген сөз. Расымен де, ойланатын нәрсе екен», – деп жазды Дәурен Сейтжанұлы.

Журналист әсіресе әйел мен ер адамның амандасу әдебіне қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, бүгінде кей адамдардың қоғамдық орындарда құшақтасып, белден қысып немесе сүйісіп амандасуы жиілеген.

«Қарап отырсам, шынымен де кейде қоғамда әдепті сақтамай, бір-бірімен құшақтасып та, белден қысып та, шөлп-шөлп сүйісіп те амандасып жүрген әйелдер мен еректерді жиі кездестіретін болдық. Ол қаншалықты дұрыс?», – деді ол.

Дәурен Сейтжанұлы бала кезінен көрген амандасу дәстүрін де еске алды. Оның айтуынша, Қазалы мен Арал өңірінде ер адамдар әйелдермен қол алыспай, «сәлем бердік» деп амандасқан.

«Туған жерім Қазалы мен көршіміз Арал ауданында әйел адамдарға «сәлем бердік» деп амандасатынбыз. Қол алысып жатпайтын едік. Үлкендерден көргеніміз де, үйренгеніміз де – осы. Қандай жарасымды?! Қазір де сол сыйластықтан, сол ізеттен алыстаған жоқ ақұдайларым…», – деп жазды журналист.

Автор ер азаматтың қыз балаға сыпайылық танытуын құптайтынын, алайда қоғамдық ортада шектен тыс жақын қарым-қатынас көрсетудің қажеті жоқ екенін атап өтті.

«Әрине, ер азамат қыз баласына сыпайылық, ізет танытуы орынды. Бірақ қоғамдық жерде, жұмыста, отырыстарда бас салып құшақтасып амандасудың, шектен тыс қалжыңдасудың қажеті қанша?! Ол біреудің жары, кездесіп жүрген аяулысы болуы мүмкін. Көбіне бұл жайт ескерілмейді», – деді Дәурен Сейтжанұлы.

Журналист қоғамда еркіндік пен әдептің ара-жігін ажырата білу маңызды екенін айтып, көпшілік ортада өзара сыйластықты сақтауға шақырды.

«Сондықтан көпшілік жерде әдепті сақтауымыз керек. Ең бастысы шекараны сақтай білуіміз керек. Еркіндік пен әдепсіздіктің шекарасынан өтіп кетпесек екен деген базына біздікі. Бұл – бізге жат құбылыс. «Сәлем – сөздің анасы» деген сөз бар. Ең бастысы сәлеміміз түзу болсын, ағайын!», – деп түйіндеді ол.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТуған жердің тасы қымбат гауһардан!: Ақын Бекжан Әшірбаевпен қоштасу Қазақстан Жазушылар одағында өтеді
Next Article Жапаровтың әрбір сұхбаты өз беделіне соққы: Қырғызстан президентінің саяси деңгейі сынға қалды

Оқи отырыңыз...

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619

Басты қоздырғыш шынайы дыбыстар: Сексологтар төсекте үнсіз қалатын әйелдерге кеңес берді

23.10.2026552

«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)

23.10.20261 045
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026349

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.